Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Оңайға" қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан шеттетілді

"Оңайға" қарсы шыққан жүргізушілер жұмыстан шеттетілді

Алматы қаласының №65 автобус жүргізушілері 18 қаңтар күнгі тексерісте "Оңай" жүйесіне наразылық білдірген еді. Бүгін олар жұмыстан шеттетілді дейді "Тұлпар" автобус паркінің қызметкерлері.

"Ол жүргізушілер жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Соның нәтижесінде олардың қандай жауапкершілікке тартылатындықтары белгілі болады. Бұл жөнінде кейінірек айтатын боламыз. Жұмыстан босатылатын шығар", - дейді автопарктегілер. Кешегі наразылықтың туындауына Таңат Мұсаев атты жүргізушіге бақылаушылар айыппұл салуы түрткі болған. Мұсаев қолма-қол ақша жинағаны үшін жауапқа тартылуы тиіс еді. Бақылаушыларға қарсы шығып, жолдасына қолдау білдіруге тағы бірнеше жүргізушілер қосылып, Абай көшесін бойлай, тұрып алған. Холдинг қызметкерлері әкімшілік полицияны шақырған. Бірақ, жүргізуші құжаттарын көрсетуден бас тартып, кінәсін мойындамаған. Естеріңізге сала кестек, "Оңай" жүйесі 11 қаңтардан бастап енгізілді. Сол сәттен бері қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынған. Енді күнделікті тексеріс жұмыстары жүргізіліп отыратын болады. Билетсіз жүрген жолаушыларға, жол ақысын алған жүргізушілерге айыппұл салынатын болады. 

Похожие материалы