Авто
Банктердің онлайн қызметтері жайлы не білесіз?
Онлайн қызметтердің алатын орны ерекше. Аталған қызмет арқылы тұтынушы жедел ақша алуына немесе тауар сатып алуына болады. Бүгінде онлайн қызмет көрсету сервистері барлық салада қолданылады. Оның ішінде банктер де бар. Олар қалай жұмыс істейді? Оны қалай қолданады?
Қазақстанда 34 банк бар. Олардың жеке сайттары, ұялы телефонға арналған арнайы бағдарламалары және онлайн қызметтері жұмыс істейді. Бұл банкпен жіті қатынас орнататын адамдарға өте ыңғайлы. Себебі сіз үйде отырып-ақ, банктік картаңызға ақша аударып, басқа шотқа төлем жасай аласыз. Былайша айтқанда, уақытыңызды үнемдейсіз.
«Казкоммерцбанк». Бұл банктің сайтында тұтынушыға керекті ақпараттар мен белгілі бір мәселеге байланысты сілтемелер бар. Онлайн қызметтер де жүзеге асырылады. Мәселен, онлайн ақша аудару, онлайн төлемдер жасау және онлайн банктік есеп ашу деген секілді. Мұнда тұтынушының өзі онлайн ақша аударып немесе ақша ала алады. Казкомның қаржы порталы – Homebank.kz. Homebank.kz арқылы сіз онлайн қызметтің барлығын жүзеге асыра аласыз.
Homebank.kz. жүйесіне тіркелу қажет. Жүйеге тіркелу үшін www.homebank.kz сайтына кіру жеткілікті.
WAP банкинг – қалта телефоныңызды wap.homebank.kz қаржы порталымен жұмыс істеу үшін пайдалана аласыз. https://wap.homebank.kz
Еліміздегі банктердің бірі – Kaspi Bank. Мұнда да онлайн қызмет көрсету kaspi.kz сервисі жұмыс істейді. Kaspi.kz-те төлем жасау – бұл клиенттердің уақыты мен ақшасын үнемдейтін бірегей онлайн төлем сервисі. Банк сайтында онлайн төлем жасау көмегімен сіз коммуналдық қызмет, мобильді телефон, интернет, Қазақтелеком, айыппұл, әуе билеттері және тағы да 300-ден астам қызмет ақысын комиссиясыз төлей аласыз. Аталған сервис кез келген қызмет ақысын онлайн төлеуге мүмкіндік береді.
Kaspi.kz онлайн сервисінің қандай ерекшелігі бар? Біріншіден, қандай болмасын төлем үшін комиссия – 0 теңге. Екіншіден, қауіпсіз. Төлем тек сіз ғана білетін бір реттік SMS-кодпен расталады. Үшіншіден, төлем туралы түбіртек. Кез келген төлемді жасағаннан кейін сіз банктің мөрі бар түбіртек аласыз. Түбіртек – жасаған төлеміңіздің растамасы және төлеміңіз алушыға жетпеген жағдайда, ақшаны қайтаруға кепілдік. Сонымен қатар төлем жасау арқылы сіздің бонус алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша сіз банктен жұмсалған соманың 5%-на дейін бонус аласыз және оларды төлем жасағанда қолдана аласыз.
Kaspi арқылы қаншалықты көп зат сатып алынса және төлем жасалса, соншалық бонус беріледі. Шетел валютасындаы салымдар бойынша теңгедегі баламасындағы сома төлем жасалған немесе сатып алған күнгі ҚР ҰБ-ның есептік бағамы бойынша есептеледі. Сонымен қатар сайтта сіз өз көлігіңіздің айыппұлын тексере аласыз. Айыппұл болған жағдайда оны онлайн түрде төлеуге де мүмкіндік бар.
Айтпақшы, дәл қазіргі кезде Kaspi Bank жаңажылдық жеңілдіктер ұсынуда. Қаңтардың 1 мен ақпанның 28 аралығында Kaspi картасымен мейрамхана, түнгі клуб, кафе, кинтетатр, мұз айдандарының қызметі үшін төлем жасасаңыз 5% Бонус ала-аласыз. Оны
kaspi.kz сайтындағы төлемдерге жұмсауға болады.
Қазақстан Халық Банкі. Бұл банктің онлайн қызметі өте қарқынды түрде жұмыс жасайды. Онлайн қызметтің ерекше түрі – Интернет-банкинг. Интернет-банкинг дегеніміз – қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге және өздерінің банк шоттарын қашықтықтан басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе. Аталған жүйе көптеген мүмкіндіктер береді:
- банкпен ешқайда шықпай-ақ қатынас жасау;
- электрондық байланыс арналары бойынша шоттарды басқару;
- жеке бухгалтеріңіз жүргізетін операцияларды әлемнің кез келген бұрышынан бақылау әрі оларды жүргізуге рұқсат беру (IP-адрес болуы тиіс);
- валюта түріне қарамастан, сізге тиесілі банктегі барлық шоттармен жұмыс істеу;
- төлем жасау үшін кезекте тұрмай, уақыт үнемдеу мүмкіндігі.
Сонымен қатар Халық банкінде
«Pay-Me мобильдік төлем» терминалдары бар. Pay-Me деген не? Бұл – банк карталарын төлемге қабылдауға арналған, смартфонға қосылатын мини-терминал. Өзіңіздің картаңызбен 2G/3G/Wi-Fi желісінде төлем жүргізудің ыңғайлы әрі арзан тәсілін қолданасыз. Аталған мобильдік төлем терминалдарының қауіпсіздік және мәліметтерді шифрлеу деңгейі өте жоғары (3Des, DUKPT, PCI DSS). Pay-Me-ді қолдану үшін смартфоннан аталмыш қосымшаны жүктеу керек. Оған App Store және Google play дүкендерінде тегін қол жеткізуге болады.
Келесі банк – Еуразиялық банк. Аталған банктің онлайн қызметтер сервисі – PAY.SMARTBANK.KZ деп аталады. Бұл банк бөлімшесіне бармастан аударымдарды онлайн түрде жүзеге асыру. Онлайн төлемдер негізін қолжетімді әрі қауіпсіз жүйе, технологиялық тұрғыдан тиімді сервис қана емес, банк қызметтерін қолданғанда жайлылық пен қарапайымдылықты қамтамасыз етуші сервис.
Кредитті онлайн өтеу. Мұнда сіз өтелетін төлемнің нақты сомасын төлеу мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар кредитті комиссиясыз өтей аласыз.
Талшын Өтепова "7"