Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК мұнайдың арзандауынан 1 трлн доллар шығынға ұшыраған

ОПЕК мұнайдың арзандауынан 1 трлн доллар шығынға ұшыраған

Вашингтон. 11 қазан. 7kun.kz - Мұнай бағасының бірден құлдырап кетуі салдарынан ОПЕК ұйымы соңғы үш жылда 1 трлн доллар шығынға ұшыраған. Бұл туралы ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммад Баркиндо мәлімдеді, деп хабарлады Вестифинанс.

Бас хатшы Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы жиналысынан кейін мұнай өндірісіндегі инвестиция өткен жылы 26%-ға қысқарғанын, алдағы уақытта тағы 22%-ға қысқаруы мүмкін екенін айтты.

"2017 жылға болжамның өзі нақты емес", - деді ОПЕК-тің бас хатшысы. Оның сөзінше, картельге үш жылдан бері мұнай бағасының төмендеуі ғана емес, капитал шығындарының төмендеуі де әсер етіп отыр.

Бас хатшының айтуынша, ХВҚ мен Дүниежүзілік банк, компания сарапшыларының көпшілігі нарықтағы баланстың қалпына келуі ұзақ уақытқа созылатынын дұрыс болжамаған. Сондай-ақ, Баркиндо картельдің қыркүйек айындағы шикізат өндірісін азайту туралы алдын ала келісімге қол жеткізуі нарықтағы баласты реттеудің бір жолы екенін атап өткен. Бұдан бөлек ол жеткізу профициті үлкен екенін, ал нарықты қайта реттеу бірден жүзеге аса қоймайтынын айтқан.

Похожие материалы