Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Opel мен Chevrolet Ресей нарығынан шығуын 2 айға тездетті

Opel мен Chevrolet Ресей нарығынан шығуын 2 айға тездетті

Opel және  Chevrolet компанияларының Ресей нарығынан шығуы белгіленген мерзімнен 2 ай бұрын орын алады. Бұл туралы маркалардың дилеріне сілтеме жасай отырып РБК хабарлайды.

Шевролет пен Опел осыған дейін желтоқсанда кетеміз деп мәлімдегенмен, енді қазанда шығуды жоспарлап отыр. Бұған компания көліктерінің көбі қазан айында сатылуымен тікелей байланысты. Қорда тұрған 6 мыңға жуық көліктің өзі осы бір ай ішінде сатылып кетуі мүмкін.  Ресей экономикасының тұрақсыздығы да барынша әсер етуде. «Шевроле» өзінің модельдік бағытында  Camaro купесін, Corvette суперкарын және жол талғамайтын Tahoe-ні қалдырса, Опель өз сатылымын толықтай тоқтатты.  Бұдан бөлек, шілде айында  General Motors зауыты Санкт-Петербургтағы сатылымын бітірген еді. Ал, қыркүйек айында Ресейдің бизнес құрылымын Honda компаниясы жүргізетіні белгілі болды. 2016 жылы бұл марканың дилері мемлекеттің қолдауынсыз-ақ көліктерді сатылымға шығарады. Жапон маркасының бас құрылтайшысы Ресей Федерациясына тек логистикалық көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Еуропалық Бизнес Ассоциациясының мәліметіне қарағанда соңғы жеті айда Ресейдегі жеңіл және коммерциялық автокөліктердің сатылымы 35,3 %-ға яғни 913 181 данаға қысқарған.

Похожие материалы