Экономика
Выбор редактора
Oriflame-нің таза табысы 2014 жылы екі есе қысқарды
Шведтық кометика өндірушісі әрі сатушысы Oriflame компаниясының 2014 жылғы табысы 10%-ға, 1,27 млрд евроға дейін қысқарды деп хабарланады компания хабарламасында.
Операциялық түсім 31%-ға, 94,7 млн евроға дейін төмендеді, ал бұл көрсеткіштің тиімділігі 7,5% болды, өткен жылы 9,7% қамтыған еді. Oriflame-нің таза табысы 52%-ға, 37,5 млн евроға дейін құлдырады.
Компания пайдасы мен тиімділігіне кері әсер еткен 8,1 млне евро және 6,4 млн евро көлеміндегі Ресейдегі салық талаптарына байланысты шығындар. Өткен жылы Орифлэймнің түзетілген операциялық тиімділігі 7,7% болған еді, оның алдындағы жылы - 10,1%.
Сонымен қатар компанияның 2014 жылы жергілікті валютадағы сатылымдары 1%-ға және IV тоқсанда 5%-ға өскендігін хабарлады. Қазан-желтоқсан айларында ресейлік сатылымдар 7%-ға артты.
Oriflame-нің негізгі нарықтары - Ресей мен Украинадағы геосаяси тұрақсыздық, сондай-ақ осы екі ел валюталарының айтарлықтай девальвациясы компания операцияларына, сатылымы мен пайдасына кері ықпалын тигізді деп айтылады хабарламада. Бұл ретте Oriflame Түркия, Африка, Азия нарықтарында күшті өсім қарқындарын көрсетті және Латын Америкасындағы позициясын нығайта түсті.
Швед елінің Oriflame Cosmetics S.A әлемнің 60 астам елінде жұмыс істейді, өнімін саны 3 млн артық тәуелсіз консультанттар көмегімен өткізеді. Компанияның өндірістік ошақтары Польшада, Үндістанда, Швецияда, Қытайда және Ресейде орналасқан.