Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке үміткер ретінде тіркеді

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке үміткер ретінде тіркеді

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және талаптарға толық сәйкес келеді. Қазақстан Президенттігіне кандидатты тіркеу үшін құжат ұсыну туралы хаттаманың жобасы дайындалды», - деді ҚР ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.

Ортсайлауком мәліметтері бойынша Президенттікке кандидатты қолдауға сенім білдірген адамдар қазақстанның барлық 17 өңірінде 315 910 азаматтан қол жинады.

«Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Барлық қажетті рәсімдер орындалды. 316 мыңға жуық қол жиналды. Жалпы, барлық құжаттар уақытында тапсырылып, барлық талаптарды қанағаттандырды », - деді «Нұр Отан» партиясының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, енді президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы құрылады.

Похожие материалы