Экономика
Отандық экономиканы қолдауда екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігі жоғары - Н.Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Халық банк" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловпен кездесті деп хабарлайды президенттің баспасөз-хатшысы.
Кездесу кезінде елдегі банк жүйесінің ары қарайғы дамуы талқыланды деп жазылған хабарламада. Қазақстан президенті "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландыру арқылы отандық экономиканың қолдау табуында екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігі жоғары екендігін атап өтті.
Елбасы аталған бағдарламаның орта және шағын бизнестің дамуында, сондай-ақ қаржы жүйесінің қайта жандануында маңызды рөл ойнайтындығына да назар салды.
Өз кезегінде А.Павлов қазақстандық банктерге сыртқы факторлар мен әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың әсері тиіп жатқандығын мәлімдеді. Осыған байланысты ол бөлінген қаржылардың банк саласының қалыптылығы үшін позитивті түрде ықпал ететіндігіне сенім білдірді деп хабарлайды президенттің баспасөз-қызметі.