Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Отандық хирургтар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Отандық хирургтар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Алматыда ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында Қытай елінің дәрігерлерінің қатысуымен «Өкпе туберкулезіне VATS-лобэктомиясы операциясы» атты шеберлік дәрісі басталды, деп хабарлайды ҰФҒО.

Бұл іс-шара «Орталық Азия аймағында кеуде қуысының аз инвазивті хирургияның стандартталған технологиясын ілгерілету және қолдану» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Отаны ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы кеуде аурулары ауруханасының торакальды хирургиясының бас дәрігері ЧЕ ЙОНГ, ҚХР ШҰАА кеуде аурулары ауруханасының дәрігерлері және ҚР ҰФҒО-ның өкпе туберкулезін хирургиялық емдеу бөлімшесінің дәрігерлері бірлесіп өткізуде.

Өкпе резекциясының видеоассистент техникасы - науқасқа мейлінше аз зақым келтіретін ота түрі. Ота кезінде науқастың қосымша жарақат алу ықтималдығын, шұғыл хирургиялық көмек қаупін, сондай ақ операциядан кейінгі асқынуларды азайтады.
Операция барысын шеберлік дәрісіне түрлі өңірден келген дәрігерлер бейнеконференция көмегімен бақылады.

Қытай дәрігерлері жаңа технологияға негізделген отаның сейлінше аз зақымдайтын әдісі бойынша тәжірибесін ортаға салды. Көрші елден келген медбике әріптестеріне науқастың күтімі бойынша өздеріндегі әдістермен таныстырды.

Аталған іс-шара барысында ҚР ҰФҒО басшылығы Қытай делегациясымен меморандумға қол қойды. Ол бойынша қазақ дәрігерлері Қытайдың өкпе ауруларын емдеу бойынша үздік медицина мекемелерінде тәжірибе жинап қайтады.

Іс-шараны «Қазақстан фтизиопульмонологтары Қауымдастығы» ҚБ қолдауымен ҚР ҰФҒО ұйымдастырды.

Похожие материалы