Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Pagani компаниясы Huayra суперкарларының барлығын өткізді

Pagani компаниясы Huayra суперкарларының барлығын өткізді

Pagani компаниясы құны шамамен екі миллион доллар тұратын Huayra суперкарының барлық тиражын сатты. Бұл жайлы GT Spirit басылымы хабарлайды.

Барлығы Huayra-ның жүз данасы шығарылмақ, тираж мотор жеткізушісімен шектелген. Мотор шығарушы: Mercedes-Benz AMG компаниясының зауыттық тюнинг-ательесі. Қазіргі уақытта машиналардың барлығы жиналып болмаған. Қашан аяқталатындығы әлі нақтыланбады.

Сонымен қатар Roadster – Huayra ашық нұсқасы 2016 жылдың көктемінде Женева автосалонында таныстырырады деп хабарлайды басылым. Бұл жаңа көлік туралы толық ақпарат берілмеді, жоспарланған тираж туралы да авто өндіруші ақпар келтірмеді.

Алғашқы Pagani Huayra 2011 жылы шыққан еді. 2012 жылдың көктеміне таман бұл үлгінің 85 данасы сатылды. Суперкар алты литрлік V12 твин-турбо моторымен жабдықталған, қайтарымдылығы 700 ат күші және айналдырушы моменті 1000 Нм. Тұрған жерінен жүз километр-сағат жылдамдықты 3,3 секундта алады, ал максималды жылдамдығы сағатына 370 километр.

Huayra-да моторы 730 ат күшіне дейін үдетілген нұсқасы бар. Ол бір данада мексикалық актер әрі режиссер Алехандро Саломонның жеке тапсырысымен жасалған.

Ақпарат көзі: motor.ru

Похожие материалы