Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пайдалы лайфхак: Тұрмыстық техниканы үнемді пайдалану

Пайдалы лайфхак: Тұрмыстық техниканы үнемді пайдалану

Дағдарыс қанша қиын болса да, жақсы тұстары бар құбылыс. Мәселен, осы кезде адамдар барынша үнемдеуді үйрене бастайды. Ақшаны желге шашуды доғарып, ақылмен шешім қабылдауды қолға алады. 7kun.kz оқырмандарына тұрмыстық техниканы пайдалануда жан-жақты үнемдеу әдістерін ұсынады.

Түн - үнемдеу уақыты

Алдымен, электрэнергиясы үшін қанша ақша шығындайтынымыз туралы ойланып көрелік. Былай қарасаңыз, көлемді сома емес. Төлем жасауға ақша таппай қиналып қалмаспын, аса қымбат емес деген желеумен көбіміз электрэнергиясы құнын есепке ала бермейміз. Бірақ баға болса өсіп жатыр. "Үнемдеу" режимін қосатын уақыт келді.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық аймақтарында тұтыну көлеміне  немесе тәулік уақытына байланысты электрэнергия үшін арнайы тарифтер енгізілді.

[caption id="attachment_27546" align="alignnone" width="627"]өққө Тұтыну көлеміне орай 1 адамға кВт/сағ:[/caption]

Үш аймақтық есептеу жүйесі бойынша күндізгі уақытта  (7-00 -19-00)  1 кВТ/сағ үшін 17,37 теңге, максимум мезгілдердегі мөлшерлеме яғни кешке (19-00 - 23-00) 1 кВТ/сағ үшін 36,43  теңге және түнгі уақытта (23-00- 07-00)  1 кВТ/сағ үшін 4,87 теңге төлейтін боласыз.

Ең аз тариф түнгі уақытқа қойылған.  Сәйкесінше, максимум мезгілдерде шама келгенде электр энергиясын шығындамаған дұрыс. Кір жуатын боп шешсеңіз, түнгі 23.00-ден кейін қолға алыңыз. Сіздің қаражатыңызды үнемдеудің бір әдісі.

Тұрмыстық техникалардағы баптаулар 

Үй техникаларында түрлі үнемді жұмыс режимдері болады. Бұл режимдер қолданушыға үнемдеуге көмектеседі.

Тоңазытқыш

kholodilnik-liebherr-sbses-7253-premium-biofresh-nofrostТоңазытқыш үнемі қосулы болады. Яғни, үнемі электр энергиясын шығындап отырады. Үнемдеу режимінің жұмыс істеу тәртібі қандай? Бұл сұраққа жауабымыз дайын. Мысалы, екі компрессорлы тоңазытқыш модельдерінде бір компрессорды оңай ажыратуға болады. Яғни, демалыс кетіп бара жатсаңыз, бірін өшіріп кетуге болады. Мұздатқыш бұрынғысынша жұмыс істей береді, ал тоңазытқыштың бір бөлігін уақытша өшіріңіз. Солай жасайтын болсаңыз, міндетті түрде барлық тамақтарды алып, есігін ашық қалдырыңыз. Бір компрессорлы модельдерде де осының баламасы бар. Егер "Демалыс" режимін қосатын болсаңыз, мұздатқыш жұмысын жалғастырады, тоңазытқышта болса жағысыз иіс, зеңнің пайда болуын болдырмайтын температура сақталып тұрады. Температура жұмыс температурасынан сәл жоғары, шамамен +15°С болады. Бұл кезде де тамақты алып тастау керек.

Ең үнемдісі - әдеттегі жарық шамның орнына LED-жарықтың болуы. Бұл тек үнемді ғана емес, тоңазытқыштың ішін жарықтандыру жағынан да біршама жақсы. Тоңазытқыш үшін оңтайлы температура -  3 - 8°С, мұздатқыш үшін -18°С.

Кір жуғыш машина

5_26Заманауи кір жуғыш машиналарда арнайы үнемді цикл бар : су 50°С-тан артық жылымайды (Алтын ереже: жылу аз болған сайын - үнем көбірек болады). Бұл кезде су да азырақ пайдаланылуы мүмкін. Бірақ, уақыты көбейеді - шамамен 3 сағат алуы ықтимал.

Электр энергиясы арзан кезде, түнде кір жуғыңыз келсе, стартты кейінгі қоя алатын таймері бар машина алсаңыз болады. Сол кезде түн болғанын күтіп отырмайсыз. Уақытын қойып қоясыз, таңертең тұрғанда барлық кір жуылып тұрады.

Қысқа толқынды пеш

svch7Қысқа толқынды пештің көмегімен де үнемдеуге болады. Бұған салынған тамақ тез арада ысиды. Әрі оған кететін қуаты да басқа пештерге қарағанда азырақ. Әдетте, қысқа толқынды пештерде 700-900 Вт, ал электр пештерге 1 000 Вт-тан жоғары болады.

Интернетті қарасаңыз, осы қысқа толқынды пештің көмегімен дайындауға болатын түрлі тағамдарды таба аласыз. Әрине, көпшілік дәстүрлі әдістерді қолданғанды жөн көреді. Бірақ, бір рет байқап көруге еш кедергі жоқ шығар?! Уақыт пен ақшаны қатар үнемдеп көруге кеңес береміз.

Ыдыс жуатын машина

5Заманауи ыдыс жуатын автоматтарда арнайы экоцикл бар. Яғни, аса кірленбеген ыдыстарды жууға арналған режим. Бұл кезде су температурасы 50°С-тан көтерілмейді. Бірақ, кір жуғыш машинадағыдай уақыты созылады.

Аз кірленген ыдыстар үшін бокал, шыны ыдыстарды жууға арналған бағдарламаны қолдануға болады. Бокалдың суреті тұр екен, бұнымен тек бокал жуу керек деген қағида жоқ. Майлы емес сорпа ішілген, шай ішілген шыныаяқтар және т.б осы режиммен жууға болады. Автобағдарламаның да сізге тигізер көмегі орасан зор. Яғни, құрылғы ыдыстың қаншалықты лас екенін өзі анықтап, санын есептеп, жуудың оңтайлы алгоритмін құрады.

Шаңсорғыш

vacuumcleaМұның көмегімен де үнемдеуге болады екен. Шаңсорғыш тоңазытқыш емес, әрине. Үнемі қосулы болмайды.

Еуропалық одақ елдерінде үй техникасының жаңа энерготиімді нормалары бар. Яғни, ол норма бойынша шаңсорғыштың тұтынатын максимал қуаты 1 600 Вт-тан аспауы тиіс. Бұл заң біздің елімізде болмағанымен, еуропалық шаңсорғыштарды қолданатынымыз жасырын емес. Қуаты азайғанымен, тазалау сапасын түсті деуге келмейді.

Тұрмыстық техникадағы режимдерді бір жақты еткен болсақ, енді өзтарапымыздан жасалатын үнемдеу шараларын атап өтейік.

Азық-түлікті сақтау

Алдымен, тоңазытқыштан бастайық. Есікті айқара ашып қойып, не жесем екен деп ойлануды әдетке айналдырмаңыз. Есікті ашқан сайын ішкі жылы ауа кіреді. Бұл болса азық-түлікке де, компрессордың жұмысына да жақсы емес. Түптің түбінде көбірек электр энергиясы кетеді.

Тоңазытқышты жылу беретін дүниелердің жанына қоймаңыз. Қосымша ішкі температуралық әсер электр энергиясын үнемдеуге кедергі етеді. Тоңазытқышқа ыстық немесе жылы азық-түлік салмаңыз - біраз суысын.

Ас әзірлеу

Егер ас әзірлеу кезінде сізге ыстық су қажет болатын болса, шәйнекке қайнатыңыз. Тоққа қосылған шәйнек электр пештің үстіне қойылған ыдыстан гөрі тез қайнайды. Егер су онша көп керек болмаса, электр энергия үнемдеуге тіпті жақсы. Су аз болғаны - электр энергиясының да аз мөлшерін шығындайды. Мүмкіндігінше, қазанның қақпағын жауып дайындаңыз.

Техника тазалығы

Қақ пайда болуы мүмкін деген үй техникасының барлығын жүйелі түрде тазартып тұру қажет. Олардың қатарында шәйнек, кір және ыдыс жуатын машиналар бар. Шәйнеке қақ тұрып қалғаны бірден көрінеді. Көрген бетте тазартып, жуып қойыңыз. Ал, қалған екі техникада бұл мәселе аздап қиындау. Егер қақ пайда болған болса, ол жұмыс қарқынын төмендетеді. Су жылып болмайды, электр энергиясы көбірек кетеді. Сол себепті әр үш сайын арнайы құралдардың көмегімен тазартып тұрғайсыз.

 Киім үтіктеу

Үтік бірден қызбайды және бірден суымайды. Бұл қасиетін өз пайдаңызға жаратсаңыз болады. Үтіктеп бастардың алдында және соңында аз жылуды қажет ететін киімдерді үтіктеңіз. Нәтижесінде уақытыңыз да, электр энергиясы да үнемделеді.

Жадыра Аққайыр "7"

Похожие материалы