Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық банкі» ЕБ АҚ - Қазақстанда алғаш рет 1996 жылы Алматы қаласында өзінің Негізгі Банкінің өкілдігі ретінде пайда болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі біздің Банкке 2002 жылы 14 желтоқсанда шектелген банктік лицензия берді. Шектелген лицензияға сәйкес Банк қызметі шетел ұйымдарымен қоса, заңды тұлғаларға бағытталуы тиіс. Банктің жеке тұлғаларға шот ашуға рұқсаты болмаған.
2005 жылы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу Агенттігі толық банктік лицензия берді, бұл бізге құқықтық мәртебесіне байланыссыз жеке, корпоративті және заңды тұлғаларға банктің барлық қызмет спекторларын ұсынуға мүмкіндік берді. 2009 жылы Банк аймақтық банкке айналу туралы шешім қабылдады (ҚБА № 140 Басқарма Жарғысына сәйкес),өзінің жарғылық капиталын көбейтті және аймақтарда бөлімшелер тізбегін қалыптастырды, Бас Кеңсесін Қаскелең қаласына ауыстырды және Алматы мен Қарағанды қаласында бөлімшелерін ашты.
Банк мақсаты
Тұтынушылар базасын кеңейту және банк ұсынып отырған қызмет түрлерін әртараптандыру арқылы пайданы жоғарылату және банк акцияларының құнын барынша көбейту.
Банк Миссиясы / Негізгі құндылықтары:
- Іскерлік этиканың жоғары стандарттары;
- Топтық жұмыс істеу рухы мен орындау мәдениетін бекіту;
- Қызметтерді ұсынудың жоғары сапасы;
- Болашақтағы болуы мүмкін жағдайларды лайықты қарсы алуға мүмкіндік беретін қабілеттіліктерді жетілдіру ;
- Әлеуметтік және қоғамдық жауапкершілікті мойындау;
- Барлық акционерлер үшін құндылықтарды жасау;
Дереккөз: jscnbp.kz