Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар облысында май зауыты іске қосылады

Павлодар облысында май зауыты іске қосылады

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – 2020 жылы Павлодар облысында күнбағыс өңдеу және өсімдік майын өндіру зауыты іске қосылады.

Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жоба Жетекші кентінде жүзеге асырылуда. Ведомствода май зауытының бірінші кезеңі 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілгенін, оның құны 2 миллион долларға бағаланғанын еске салып өтті.

«Майды тазарту және орау бойынша екінші кезеңді 2020 жылы іске қосу жоспарлануда. Alashankoy Jinyi Trade Ltd қытайлық компаниясы жобаға 1,5 млн доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Қуаттылығы тәулігіне 300 тонна күнбағысты құрайды», - деп қосты басқарма.

Осы жылдың басында жабдықты сынамалық іске қосу жүргізілді. Қазіргі уақытта кәсіпорын қайта қалпына келтіруде және ақаулар жойылуда. Сонымен қатар, қойма ғимаратының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл ретте май экспорты әзірше Қытайға толығымен жүзеге асырылуда, алайда екінші кезең іске қосылғаннан кейін қазақстандық нарыққа шығу жоспарланып отыр.

Похожие материалы