
Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Павлодар облысының Баянауыл ауданында орман өртін сөндіруге 500 адам мен 120 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.
«Ұлттық табиғи парктегі өрт ауыздықталды. Өрт сөндірушілер мен орманшыларға көмекке келген «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағында ұшу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жағдайды жоғары температура мен секундына 24 метрге дейін жеткен күшті жел қиындатуда.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өртті сөндіруге арналған штаб құрды.