Жүк көліктері үшін Қалбатау арқылы өтетін Павлодардан Өскеменге дейінгі жол ақылы болуы мүмкін. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев мәлімдеді деп хабарлайды YK-avto.kz.
Аталған магистральмен жүру үшін ақы алынатын терминал жол салынып бтікен соң орнатылады. Бүгінде Қалбатауға дейінгі жол бұзылып жатыр. Оның жөндек жұмыстары жаңа құрылыс жолының құнымен бірдей боп қалады. Мереке Пішембаевтың айтуынша, инвестор қытайлық "Эским Банк" болуы тиіс.
Нақты бағасы қандай болатыны әлі белгісіз. Мәселен, Астана - Шортанды тас жолында бір шақырым үшін 1 теңге, жергілікті тұрғындардға жылдық абонемент мың теңгеден аспайтын аумақ бар. Шығыс Қазақстанда да баға шамамен осындай болады дейді Пішембаев.