Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пейнтбол клубын қалай ашуға болады?

Пейнтбол клубын қалай ашуға болады?

Әлем бойынша пейнтболды 100 мыңнан аса адам ойнайды. Бұл спорттық ойын түрі біздің елімізде 2000 жылдың басында пайда болды және жыл өткен сайын қызығушылардың саны арта түсуде. Пейнтболға барлығы бірдей бармайды, әркім өз қызығушылығына байланысты ойнайды, бірақ бизнес көзі ретінде барлығына бірдей тартымды болатындығы анық. Пейнтбол клубын қалай ашуға болады, қанша қаржы қажет? 7kun.kz сізге дайын бизнес-жоспар ұсынады. 

Пейнтбол клубтары ірі қалаларда болғанымен, шағын елдімекендерге жете қойған жоқ. Жас ерекшелегіне қарамастан барлығы үшін қызықты жоба екендігін және бәсекеге қабілетті екендігін ескерсек, сіздің инвестицияңыздың бос жұмсалмауы әбден мүмкін. Жобаның талдауы: Инвестициялық жобаның мақсаты: Пейнтбол клубын ашу Өнім: Қызмет көрсету саласы Жобаның орташа құны: 12 707 200 теңге Өтелу мерзімі: 1,5 жыл

ммм

 Өндірістік ғимаратты жалға алу үшін  600 шаршы метр (600 м2*523 теңге*12 ай = 3 765 000 теңге) қажет. Сондай-ақ қаражаттың басым бөлігі пейнтбол клубы қызметін ұсыну үшін арнайы киімдер, құралдар т.б. сатып алуға жұмсалады.

12212079_735468646583482_1603830796_n

Клуб жұмысы үшін негізгі шығындар қару-жарақ үшін қажетті оқ-дәріге және қызметкерлердің еңбекақысына төленеді. Коммуналдық қызмет пен салыққа да төлем жасау қажет.

Тікелей жұмсалатын қаражат (материалдар):

77777

Қызметкерлерге  жұмсалатын қаражат. Пейнтбол қызметін ұсыну бойынша цехтағы қызметкерлердің қолайлы саны – 5 адам.

ЖЖЖЖЖЖ

Еңбекақы төлеу қорынан төленетін төлем, салық және бюджетке төлем.  Клуб ісі кәсіпкерлік болғандықтан бойынша еңбекақы төлеу қорынан (( 2 400 000 – (10%ОПВ))*0,05 = 108 мың теңге) көлемінде әлеуметтік салық төлейді. Ақша шығару және басқа бюджнтке бөлінген салық (5*АЕК)+(2*АЕК) * 12 ай  = 155,568 теңге).

Бірлескен табыс салығы жеңілдетілген табыс салық салу жүйесімен жалпы жылдық айналымының 3% бойынша (24 000 мың теңге * 3 % = 720 мың теңге) төленетін болады.

Коммуналдық шығындар мен жылыту. Коммуналдық шығындар кәріз, жылыту жүйесі, құрал-жабдықтарға кететін электр энергиясы, ауыз су т.б. қамтиды және жылына 43 928 теңгені құрайды:

ЛЛЛ

Негізгі құралдар амортизациясы. Пейнтбол клубы қызметін ұсынудағы әрекет барысында цехтың негізгі құралдарының тозуы (10%) (4 141 600 = 414 мың теңге).

Сатудан алынған түсім

Пейнтбол клубы қызметін көрсету бағасы (1 адамға) 2000 тг құрайды. Айына орташа есеппен 1 000 адамға қызмет көрсетсе, бір айда  2 000 000 теңгені құрайды (2 000*1 000*12=24 000 000). Алғашқы жылдағы пайда және шығын есебі Снимок

Жобаны қаржыландыру

 Егер сізде меншікті қаражат болмай, бірақ жеке бизнес ашуға деген ниет болса қосымша капитал тартудың бірнеше нұсқалары бар:

ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14 пайыздық мөлшермен, 18 айда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарына несие алу қажеттілігін анықтады.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.

Маржан Нүсіпбек «7»

Мәліметтер Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы дайындаған «Шағын бизнес үшін  100 жоба» кітабынан алынды.

Похожие материалы