Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Популистік көтерілістен алынған сабақтар

Популистік көтерілістен алынған сабақтар

2016 жылдың екі саяси жер сілкінісі - Америка Құрама Штаттарында президент сайлауында Дональд Трамптың жеңуі және Біріккен Корольдігіндегі Brexit салтанаты,  бүкіл әлем бойынша демократия саясаттарында ашыға түскен наразылықты элитаның басқара алмауы нәтижесінде орын алды. Популистік көтеріліс экономика және мәдениет оларды артта қалдырды деп ренжіген сайлаушылардың сезімін түсіне алмаған саясаттағы технократиялық көзқарастан бас тартуды белгіледі.

Кейбір аламдар иммигранттар және мультикультурализмге қарсы нәсілшіл, ксенофобиялық реакция сияқты деп ойлап, популизмді жақтырмайды. Басқалар болса, оны жаһандық сауда және жаңа технологиялар салдарынан жұмыс орнын жоғалтуға көрсетілген наразылық  ретінде түсінеді. Бірақ популистік көтерілісте тек фанатизмді байқау немесе оны экономикалық тұрғысынан ғана талдау,  2016 жылғы төңкерістердің себебі мекемелердің шынайы шағымдарды шеше алмау немесе тіпті дәл танымауынан болғанын өткізіп алады.

Бүгін алға басқан популизм ол жалпы истеблишмент партияларына қарсы көтеріліс; бірақ одан солшыл орталық партиялар ең көп зардап шеккен. Бұл, негізінен олардың өз кінәсі. АҚШ-та, демократиялық партия бұрын оның негізгі базасын құрған көк жағалы және орта тап сайлаушыларға қарағанда, кәсіби таптарға рухы жағынан жақынырақ, технократиялық либерализмді қамтыды. Осыған ұқсас қиын  жағдай Британияның лейбористік партиясында да бар.

Қоғамдық қолдауды қайта жеңуге үміттенуіден бұрын, прогрессивті партиялар өз миссиясы мен мақсатын қайта ой елегінен өткізулері керек. Осылай жасау үшін, олар өз орнын басқан популистік наразылықтан оның ксенофобия және шулы ұлтшылдық жағын қайталамай, бірақ бұл сезім шиеленістерін тудырып отырған заңды шағымдарды шындап қабылдау арқылы үйренулері тиіс. Ал бұл шағымдардың себебі тек жалақы және жұмыс орындарында ғана емес, әлеуметтік абырой туралы екенін мойындауды да білдіреді.

Прогрессивті тараптар негізгі төрт мәселені шешулері қажет:

Табысты саралау. Стандартты шешім ретінде, көбірек тең мүмкіндіктерді талап ету болып табылады - қызметкерлерді қайта даярлау; жоғары білімге қолжетімділікті арттыру; және кемсітушілікпен күресу. Бұл ереже бойынша, ынтамен жұмыс істейтіндердің таланттары қаншалықты оларды өсіре алса соншалықты көтеріле алады деген мериторкратиялық уәде болып табылады.

Бірақ көптеген адамдар үшін бұл уәде жалған сөздей естіледі. Жоғары қарай мобильділік бұрыннан аңсаған арманы болған АҚШ-тың өзінде де, кедей ата-анада туған балалар есейгенде де кедей болып қалуға бейім болады. Табыс шкаласының төменгі бесінші деңгейінде туған адамдардың 43% -ы сол жерде қалады, және тек 4%-ы ғана жоғары көтеріледі.

Прогрессивтілер әлеуметтік мобильділік теңсіздік шешімі деген болжамды қайта қарастыру қажет. Олар адамдарға одан әрі өсіп келе жатқан баспалдақпен көтерілулеріне көмектескенше, байлық пен билік теңсіздіктерімен тікелей беттесуі керек.

Меритократиялық менмендік. Мәселе тереңірек кетуде. Әлеуметтік позициялар еңбек және таланттың белгісі деп санаған әділ меритократияға тынымсыз назар аудару, табысымызды (немесе оның жоқтығын) түсіндіруімізге моральдық коррозиялық әсер етеді. Жүйе еңбекқорлық және дарынды жарылқайды деген сенім жеңімпаздарды жетістіктерін өз еңбегінің арқасы және абыройларының өлшемі деп санап, жолдары болмағандарды менсінбеуге апарады.

Жолы болмағандар жүйенің әділетсіздігіне шағымдануы мүмкін, немесе олардың жеңілгендеріне тек жалғыз өздерінің жауапты деген нанымдан рухы түседі. Араласқан кезде, осы сезімдердің  жарылғыш ашу мен наразыдық қоспасын құрайтынын Трамп, миллиардер болса да, түсінеді және қолданады. Барак Обама мен Хиллари Клинтон үнемі мүмкіндіктер туралы айта берсе, Трамп жеңімпаздар мен жолы болмағандар жайында доғал әңгіме ұсынады.

Обама мен Клинтон секілді демократтар меритократия тудыра алатын менмендікті және оның колледж дәрежесі жоқ адамдарға түсіретін қатал пайымдауын түсіне алмайды. Міне, сондықтан Американдық саясаттағы ең терең бөлінулердің бірі орта білімі бар және жоқ адамдар арасында.

Жұмыстың қадiр-қасиетi. Технологиялар мен аутсорсинг  салдарынан жұмыс орындарын жоғалту қоғамның жұмыс таптарына аз құрмет көрсетеді деген сезіммен тұспа-тұс келді. Экономикалық қызмет заттарды жасаудан ақшаны басқаруға ауысып, хедж қорлар менеджерлері мен Уолл Стрит банкирлері қомақы сыйақыларды алған сайын, дәстүрлі жұмысқа байланысты қадір мағынасы тұрақсыз және белгісіз болды.

Жаңа технологиялар одан әрі жұмыс қадiр-қасиетiн құртуы мүмкін. Кремний даласындағы кейбір кәсіпкерлер бүгінгі жұмыс орындарының көбін роботтар және жасанды интеллект ескіртетін уақыттын келуін болжайды. Мұндай болашаққа жолды жеңілдету үшін, олар әрбір адамға базалық жалақыны төлеуді ұсынады. Бұрын барлық азаматтар үшін қауіпсіздік тор ретінде ойластырылған шара қазір жұмыс жоқ әлемге көшуді жұмсартатын тәсілі ретінде ұсынылуда. Мұндай әлемді құптау немесе қарсы болу, алдағы жылдары саясат үшін басты болатын мәселе. Оны шешу үшін саяси партиялар жұмыстың мағынасы мен жақсы өмірде оның алатын орнымен айналасу қажет.

Патриотизм және ұлттық қоғамдастық. Еркін сауда туралы келісімдер мен иммиграция популистік ыза мен ашудың ең күшті ыстық ошақтары болып табылады. Бір деңгейде, бұл экономикалық мәселелер болып табылады. Қарсыластар олар жергілікті жұмыс орындары және жалақыға қауіп төндіреді деп айтса, жақтаушылар олар ұзақ мерзімді перспективада экономиканы қолдауға көмектеседі деп мәлімдейді. Бірақ бұл мәселелерден шыққан қызу сезімдердің маңыздырақ түп себебі бар екенін шамалайды.

Мемлекет олардың жұмыс болашағы емес, арзан тауарлар мен арзан еңбек туралы қам жейді деп сенетін жұмысшылар елі өздерін сатып кетті деген сезімде болады , және олар жиі өз сезімдерін ұсқынсыз жолмен білдіреді: иммигранттарға өшпенділік көрсету, мұсылмандар және басқа да «бөтендерді» қаралау, және «елімізді қайтып алу» деген талаптар.

Либералдар жексұрын риториканы айыптап,  оған өзара құрмет пен көпұлтты түсіністіктің жақсы жақтарын аса ынтамен көрсету арқылы жауап береді. Бірақ бұл принципті жауап, жарамды болса да, популистік шағымда тікелей қарастырылмаған кейбір үлкен мәселелерді шеше алмайды. Ұлттық шекаралардың моральдық маңызы қандай? Біз басқа елдердің азаматтарына қарағанда біздің отандастарымызға көбірек қарыздармыз ба? Жаһандану заманында, біз жалпыадамзаттық  деңгейде маңызды космополит этикасын бе әлде ұлттық ынтымақтастықты дамытуымыз керек?

Еуропа мен АҚШ-тағы мемлекет элиталары, енді осы мәселелерді шеше алмау салдарымен беттесуде. Популистік көтеріліс адамдар алаңданатын маңызды сұрақтарды, соның ішінде моральдық және мәдени мәселелерді шешу үшін, демократиялық қоғамдық дискурсты жасарту қажеттігін көрсетеді.

Популистік наразылықтың аспектілерінен заңды шағымдарды шығарып алу оңай іс емес. Бірақ олай жасап көру маңызды. Осы шағымдарға жауап бере алатын саясатты жасау біздің заманымыздың ең өзекті саяси міндеті болып табылады.

Автор туралы: Майкл Сэндел Гарвард университетінде саяси философиядан сабақ береді. Оның кітаптары Ақшамен сатып алу мүмкін емес: Нарық және Әділеттіктің моральдық шектеулері: Дұрыс шешім қандай? Оның BBC-дағы «Ғаламдық философ» атты бағдарламасы өзекті мәселелерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинайды.

Похожие материалы