Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент сайлауы басталды

Президент сайлауы басталды

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда Президент сайлауы басталды. Таңғы 7-де бүкіл ел аумағы мен шетелде 9967 сайлау учаскесі ашылды. Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.

Біздегі ақпарат бойынша алғашқылардың бірі болып ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин дауыс берген. Қазақстан президенттігінен үміткерлер дауысты Нұр-Сұлтан қаласында береді.

ҚР СІМ мәліметінше сайлау туралы ақпарат таратуға әлемнің 40 елінен 227 БАҚ өкілі тіркелген. 2015 жылы 168 журналист тіркелгенін ескерсек, бұл жолы шетелдік БАҚ қызығушылығы жоғары болып тұрғанын байқауға болады.

Мұнымен қатар, сайлауға 1013 халықаралық бақылаушы тіркелген. Оның 866 халықаралық ұйымдардан болса, 147 бақылаушы 41 шет елдік мемлекеттен.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге рекордтық сома – 9,4 миллиард теңге (24,6 миллион доллар) бөлінген.

Бүгін Нұр-Сұлтанда бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады. Базарлар түскі 12-00-де істей бастайды. Ал Алматылық 56 базардың барлығы "санитарлық күн" деп жариялап, жұмыс істемейтін болды.

Дауыс беру түнгі 20:00-ге дейін жалғасады. Бұдан кейін Сайлау учаскелерінде дауыстарды саналады. Ол заң бойынша он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын-ала қорытындысы 10, 11 маусымда шығарылады.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Оның барлығында Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан назарбаев жеңіске жеткен. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі - Н.Назарбаев үміткер қатарында жоқ. Бұл жолғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі - үміткер көп, жеті үміткер қатысуда. Бұған дейін тек 2005 жылы ғана үміткер көп болған, онда бес кандидат тіркелген. Тағы бір ерекшелігі - "Ақ жол" партиясының атынан сайлауға тұңғыш рет әйел адам қатысуда.

Похожие материалы