Нұр-Сұлтан. 8 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева президенттік және парламенттік сайлауға шамамен 45 млрд теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғандықтан, сол жылдың бюджетіне енгізілген. Алайда өзгерістер мен жаңа нұсқауларды ескере отырып, биылғы президенттік сайлауға үкімет резервінен ақша бөлінеді.
«Қазір ОСК есептеп жатыр. Бұл шамамен 20 миллиард теңге», – деді Савельева.
Сонымен қатар вице-министр парламенттік сайлауда шамамен осындай шығындар күтілетінін айтты. Бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатындықтан, шығын шамамен 25 миллиард теңгені құрауы мүмкін.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді.