Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Осы аптада Тараз қаласында оқушы қыз зорланып, бұдан кейін
мектеп директоры, облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетіп, барлығы 11 адам жауапқа тартылған еді.

Олардың ішінде бір топ полиция қызметкеріне сөгіс жарияланып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Рысбаев ішкі істер органдарынан шығарылған.

Жұмыстан кеткендер қатарында мектеп мұғалімдері де бар.

Адам зорлағаны үшін бұрын төрт жыл түрмеде отырып шыққан күдікті қазіргі кезде тергеу абақтысында.

Похожие материалы