Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазында бостандыққа шығуды көздеп отыр

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазында бостандыққа шығуды көздеп отыр

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі – Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазының соңында бостандыққа шығуды көздеп отыр. Бұл туралы КазТАГ-қа осы жағдаймен таныс дереккөздер хабарлаған.

Дереккөздердің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдының ұстанымы – мемлекеттке өзінен талап етіп отырған дүние-мүліктердің барлығын тапсырып, қажетті соманы төлеу. Бұл сомалар мемлекетпен келісілген болса, онда ол барлық ақшаны, айыппұлды түгел төлеп, шілде-қыркүйек айларында бостандыққа шығуды көздеп отыр.

Айта кетейік, жақында Қайрат Сатыбалды бақылауындағы Alatau Capital Investments және Skyline Investment Company S.A компанияларына тиесілі «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 30%-ына жуығы мемлекетке тапсырылды.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдының қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Қазір оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ, 17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалданың бұрынғы күйеуінің ісі бойынша ұсталғаны туралы хабарлады. 19 наурызда ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Гүлмира Сатыбалды Шымкентте бюджеттің 747 млн теңгесін ұрлады деген күдікке ілініп, қазір аталған іс бойынша тергеліп жатыр.

Похожие материалы