Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды тұрғынынан 280 миллион теңгенің темекісі тәркіленді

Қарағанды тұрғынынан  280 миллион теңгенің темекісі тәркіленді

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады», – делінген ҚМА хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Похожие материалы