ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне 100 млрд теңге бөлуді тапсырды. Аталған қаржы елдің агроөндіріс кешені бойынша басым жобаларды дамытуға жұмсалады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.
«Н.Назарбаев "ҚазАгро" ҰБХ-ға агроөндіріс кешені бойынша басым жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд теңге бөлуді тапсырды", - делінген хабарламада.