Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - QAZAQ AIR ұшағы техникалық ақау салдарынан Алматы әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Алматы-Астана бағытында ұшып шыққан Bombardier Q400 NextGen авиалайнері әуежайға қайта қонуға мәжбүр болған. Әуе компаниясының баспасөз хатшысы Сергей Хецурианидің айтуынша, оған себеп болған қозғалтқыштағы май қысымының индикациясының іске қосылуы.
Ұшақ ұшып шыққаннан соң 25 минуттан кейін қайта оралған.
«Ұшақ штаттық режімде қонды. Бортта 4 экипаж мүшесі мен 75 жолаушы болған. Қазіргі таңда оларға ыстық тамақ, барлық қажетті заттар берілді. IQ353 рейсінің жолаушылары әуе компаниясының басқа ұшақтарымен жеткізілетін болады», - деді Сергей Хецуриани.
Қазір инженерлік қызмет өкілдері техникалық тұрғыдан ақаудың неден шыққанын тексеріп жатыр.