Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақ ақындарының табысы қанша?

Қазақ ақындарының табысы қанша?

2014 жылы Қазақстанда сатылған ең танымал кітаптардың тізімін американдық жазушы Джон Гринның "Жұлдыздар кінәлі" ("Виноваты звезды") туындысы бастап тұр. Екінші орын австралиялық Грегори Дэвид Робертстың "Шантарамы". Бұл кітап соңғы онжылдық бойы ең көп оқылған шығармалардың тізімінен түскен емес. "Сұрдың елу реңі" ("Пятьдесят оттенков серого") кітабы үштікті қорытындылайды. Тізім төмен қарай да осы форматта, тек авторлары мен кітап атаулары өзгеріп отырады.

Ішіне бас сұқпасаң да, мекен-жайын білетін қазақстандық кітапханалардағы ең көп оқылатын кітаптардың тізімін қарайық. Алғашқы орындарды Бразилияның жазушысы Пауло Коэльоның кітаптары және Дэн Браунның 2006 жылы кино етіп түсірілген «Код да Винчи» атты детективті романы тұр. Қазақ кітаптарынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, Бексұлтан Нұржекеұлының 1989 жылы жарық көрген «Ерлі-зайыптылар» романы сәнге айналған кітаптар қатарында. Оқырман жиі сұрайтын туындылардың қатарында Абайдың "Қара сөздері" және Мұқағали Мақатаевтың кітаптары бар. Ондықты Стефани Майердің «Сумерки» романы аяқтайды. Екі тізімде де қазақ ақындарының кітаптары кездеспейді. Әдебиет әлемінде еркін жүзген ақындар ақшаны қалай тауып жүр? Қазақстанда өлең тек рухани ғана емес, материалдық та азық бола ала ма? [caption id="attachment_11148" align="alignleft" width="167"]Ақын Ерлан Жүніс Ерлан Жүніс[/caption] Ақын Ерлан Жүністің айтуынша, ақынға қаражат төрт түрлі жолмен келуі мүмкін:
- Кітаптың үлкен тиражбен шығуы яғни қаламақының молдығы. - Әртүрлі мүшәйралар мен конкурстардың бәйгесі. - Түрлі мемлекеттік, ұйымдық сыйлықтар, гранттар мен стипендиялар. - Шенді мен шекпендіге мақтау өлең жазу.
"Мемлекеттік тапсырыс арқылы жас қаламгерлердің кітаптары 2000 данамен шығарылады. Бірақ оның қаламақысы да көңіл көншітерлік емес", - дейді ол. [caption id="attachment_11149" align="alignright" width="150"]Бауыржан Қарағызұлы Бауыржан Қарағызұлы[/caption] Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері Бауыржан Қарағызұлының айтуынша, мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптың қаламақысы көп болмайды. "Мəселен, мемтапсырыспен шыққан 15 баспатабақ кітабым үшін 108 000 теңге қаламақы алдым. Кейінгісінің қаламақысы 150 мың теңгені құрады", - деп атап өтті ол. "Осы уақытқа дейінгі шыққан 4 кітабының біріншісі өз қаржыма шығып, тегін тарады. Екінші мен үшіншісінің қаламақысы ретінде 50 кітап алдым. Төртіншісі демеушілер арқылы шығарылды. Қазір 800 дана 600 теңгеден сатылып жатыр", - деп түсіндірді Бейбіт Сарыбай. "Кітаптың безендірілуі, мұқабасының қатты-жұмсақтығы, баспатабағының аз-көптігі, тиражына байланысты 300 000 теңгеден 2 миллионға дейін қаражат кетеді. Кітап сатудан бұл қаражат оралмайды", - дейді Ерлан Жүніс. Пайда көру үшін баспаханадан кем дегенде 5000 дана қолыңызға тиюі керек. Ол өнімнің таныстың қолында тегінге кетпей, дүкен сөрелерінде сатылымға шығуы тиіс. Жоғарыдағы аргументтерге сүйенсек, 5000 данамен кітап сатып, пайда табуға тырысу бесіктен смартфон ұстаған балаға мектепте рефератты энциклопедия арқылы жазғызуға тырысумен бірдей. Жаңа кітаптың жарнамасы жарты фильмнің құнын құрайтын "Меломан" бар.  Және "Атамұра" бар.  [caption id="attachment_11153" align="alignleft" width="194"]Маралтай Ыбыраев Маралтай Ыбыраев[/caption] "Қазір кітап өткізе алмайсыз. Арзанқор, тобырлық санадағы кітаптар өтеді, көркем әдебиетті өткізу қиын. Оқырманның көпшілігі асыл мен жасықтың бағасын ажырата алмайды.  Сондықтан 5000 данамен шыққан кітап өз-өзін ақтай алуы мүмкін емес", - дейді Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары Маралтай Ыбыраев. Бизнесті жолға қойып, нарықтық қатынасты дамытқан елдердің әдебиетінде арнайы агенттер бар. Олар кітап шығаруға қажетті баспахана іздеуден бастап, автор ретінде жеке имиджіңізді атқаруға дейінгі аралықтағы түрлі қызмет атқарады. Кітаптың корректорлығына, сыртқы мұқабасының дизайнына көңіл бөліп, аудиожазбалар шығуын, түрлі бәйгелерге қатысуын жүзеге асырады. Тұсаукесерін жоғары деңгейде өткізіп, дүкендердегі жарнамасының орналасуын қадағалайды. Бір топ ақынды филфактың конференц-залына өзім шақырып, кітаптың сыртқы суретін былай-ақ салуға болады десеңіз, жоғарыдағы рейтингті тағы бір қарап шығуды ұсынамыз. Әдеби агенттер авторлық гонорардың 10-20 пайызын иеленеуі мүмкін. Немесе жазушы Рақымжан Отарбай атап өткендей, кітап сатудан түскен пайданың бір бөлігін ғана сізге береді. Агенттер жұмыс сапасын бағалайтын арнайы қоғамдастықтарға бірігеді. Бизнес бәсекелестікті орнатады. Ал кітап сатуды бизнес деп қарастырсақ, онда іскерлік саланың ажырамас бөлігі маркетингке тоқталмай өте алмаймыз. Кеңестік үкіметте жарнаманың ролін әдебиетті насихаттау бөлімі атқарса, қазір әлеуметтік желі көмекке келеді екен. "Біздің қоғамда əдеби маркетинг қалыптаспаған. Жарнама - əлеуметтік желі қолданушыларының ниетінен туатын фактор. Желі қолданушылары ақындарды жақсы насихаттайды", - дейді Ерлан Жүніс. Бауыржан Қарағызұлы: "Менің жарнамам - менің өлеңдерім. Жақсы өлең - жақсы жарнама. Кітаптарым сұранысқа ие. Оларды сатып, шығарып, пайда көруге болады, бірақ оны өзім құнттамай жүрмін.  Шығармашылығымды құрметтеп, бірнеше рет ұсыныс жасаған жігіттер болды. Бірақ онымен айналысатын кәсіби мамандар керек. Өзімнің ыңғайым жоқ", - дейді. [caption id="attachment_11150" align="alignright" width="208"]1389259253 Бейбіт Сарыбай[/caption] Бейбіт Сарыбай жарнама жасап көрмегенін жеткізді. "Маркетинг дегеніңіздің өзін нақты білмеймін. Атын естігеніміз болмаса, айналысып көрмеген екенбіз", - деді ол. Маралтай Ыбыраевтың сөзіне қарағанда, қазір әдебиет саласына келген жастардың көпшілігі әлеуметтік желі  арқылы ақпарат таратып отыруға тырысады екен. "Біз бар нәрсені базарға шығара алмай жатырмыз. Барлығы да жарнамасыз болмайтындығын түсініп, маркетингке қажеттілік туындап жатыр. Осы бағытта ЖОО-да гуманитарлық салада бөлімдер ашылып, осы мамандық оқытылса жөн болар еді. Бірақ барлығы нақты қаражатқа келіп тірелетіндіктен әзірге нақты жолға қойылған жоқ. Бұл нәрсемен біз тәрізді қоғамдық орындар емес, мемлекет айналысуы керек", - деп атап өтті ол. Әрине, әдеби байқаулар мен мемлекеттік гранттар арқылы азды-көпті ақша табуға болады. Қаржылай қорының өзі орта есеппен 100 мың мен 1 миллион теңге арасында. Бірақ бұл тұрақты табыс көзі емес. "Әрі мүшәйрист ақын атануды қаламайсың. Сарай ақыны болу да қолдан келмейді", - дейді Ерлан Жүніс. Жазба ақындардың көпшілігі ақындықпен қоса журналист, сценарист, асаба кәсіптерін қоса алып жүр. Себебі, таза ақындықтан түсетін қаржы тым аз. Нақты соманы ажыратып жазу қиын: жылдық кірісі 50 мыңнан 500 мыңға дейінгі аралықта болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сұрақтарымызға жауап берген ақындар тек өлең шығарып, кітап сату арқылы жеткілікті табыс таба алмайтындықтарына сенімді. Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"

Похожие материалы