Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Banki салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

Qazaq Banki салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Qazaq Banki салымшыларына төлем мерзімін 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін ұзартты. Төлемдер «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Тиісті келісімге 21 маусымда қол қойылды, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Qazaq Banki» АҚ-да 18 мың салымшы мен жеке кәсіпкерлердің депозиттері орналастырылды. 2018 жылдың 24 желтоқсанында төлеу басталғаннан бері салымшыларға жалпы сомасы 20,2 млрд теңге төленді, бұл төлемдердің бастапқы сомасының 98% -дан астамын құрайды.

Талап етілмеген міндеттемелер сомасы 325 млн теңгені құрайды, яғни бастапқы соманың 2%-ынан аспайды. Дегенмен, қазіргі уақытта салымшылардың үштен бірінен азы төлемге өтініш берді. Салымшылардың 80%-ға жуығы салымдарды талап етпеген, бес мың теңгеден аз депозиттері болған, ал 14%-ы 100 мың теңгеден астам мөлшерде салымдар болған. Бүгінгі таңда ең үлкен талап етілмеген сома 13,4 млн теңгені құрайды. Семей, Петропавл, Өскемен қалаларында салымшылар белсенділік танытуда.

«Осы салымшылар үшін барынша жылдам, ыңғайлы төлемді қамтамасыз ету үшін банк-агент «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгінде Қазақстан бойынша 17 филиал мен 28 бөлімшеден тұратын банк-агенттің инфрақұрылымы мен филиалдық желісін пайдалануды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Салымшылар банк-агенттің барлық бөлімшелеріне 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін кез келген жұмыс күні жүгінуге құқылы», – делінген хабарламада.

Похожие материалы