Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушінің ондығына қосылады

Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушінің ондығына қосылады

Биылғы жылдың басында Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстандағы жалғыз, Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны іске қосылады деген ақпарат тарады. Жобаға биыл 4 млрд теңге инвестиция салынбақ. 2021 жылдан бастап толық күшінде жұмыс істейтін кен орны жыл сайын 10 мың тонна таза қалайы шығармақ. Түсті металл өндіру  2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы басым бағыттың бірі. 1985 жылдары анықталып,  соңғы 18 жыл бойы іске қосылуды күткен кен орнының биыл іске қосылуына да осы бағдарламаның  ықпалы бар деуге болады. Мұның аясында бұған дейін жобаланып келген өндірістік ірі жобаларға серпін беріле бастады. Соның бірі осы Сырымбет кен орны.  

(с) tinone.kz

Облыстық әкімдіктің ақпарынша жобаға тартылған инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды, бұл облысқа салынған ең ірі инвестиция. Ал жоба іске қосылғандағы жалпы өндіріс көлемі 500 млрд теңгені құрайды.

Болжам бойынша қалайының запасы 150 мың тоннаны құрайтын кен орнында келер жылы өндірістік комбинат  салынады. Мемлекет өндірушілерге қолдау көрсетіп, электр желісі мен 50 Мватттық подстанса салып берген.

Қалайы сирек, сонысымен қымбат өнімнің бірі. Лондон қор биржасында оның бір тоннасы 19 мың $ тұрады. Алдағы уақытта құны тіпті шарықтауы мүмкін. Өйткені электрокөліктердің дәуірі басталып келеді. Қалайыңыз литийионды аккумуляторлар мен электро энергия сақтаушы құралдардың өндірісінде ең маңызды металл. Мұнсыз аккумуляторлар жәй пластмасса ғана.  Әйгілі Tesl көліктерінің негізгі қуат көзі  Li-ion аккумуляторларына тап осы қалайы қажет.   

International Tin Association (ITA) болжамынша 2030 жылы тап осы нарыққа жыл сайын 60 мың тонна қалайы қажет болады. Тек аккумулятордың анодтық материалының өзі ғана жыл сайын 10-20 мың қалайыны қажет етеді.

Биыл әлемдік қалайы нарығы 357 мың тоннаны құрайды деп болжанған. Өткен жылы сұраныс пен ұсыныстың балансында 7,5 мың тонна қалайы тапшылығы болды. ITA биыл Қытай қалайы тұтынуды күрт азайтқандықтан 0,5 мың тонна артық ұсыныс болады деп болжап отыр. Алайда қалайының қоры аз қалғандықтан болашақта бұл металлдың тапшылығы анық байлауы мүмкін. Жалпы әлемнің 56 елінде қалайының 30 млн тонна қоры барланған.

Бұлардың ішінде Қытай, Индонезия, Малайзия, Перу, Бразилия мен Боливия, Мьянма, Тайланд, Боливия, Австралия  ең ірі қалай өндірушілер саналады. Бұларда әлемдік қордың 84%  шоғырланған. Әлемдегі ең ірі өндіруші Индонезия мен Перу. Екі ел әлемдік нарықтың 3-2 өндіреді.  Оларға тағы бір ірі өндіруші Қытайды қосыңыз, бұл үшеуі әлемдік нарыққа қалайының 80% беріп отыр. Алайда Қытайдағы қалайы өндірісі ішкі нарықтан артылмайды. Сондықтан сыртқа жыл сайын 100 мың тонна шикізат қана шығарады. Соңғы жылдары өндірістік белсенділігін арттырған Мьянма әлемдік нарықтың 10% бере бастады. Алайда бұлардағы қор 2030 жылдарға қарай таусылады деген болжам бар.

(с) futurenow.ru

Өйткені сұраныс көп. Өндіріс аз. Сондықтан Қазақстандық жаңа кен орны мен қалайы өндірісінің болашағы бары анық.

Похожие материалы