Алматы. 5 қыкүйек. 7kun.kz – 2018 жылы еліміз Ауғанстан экономикасына 180 млн доллар инвестиция құйды.
2005 жылдан бері Қазақстан ауған еліне 0,3 млн АҚШ долларын құраған инвестиция құйды. Қос ел арасындағы сауда-саттық жыл басынан шамамен 20%-ға артып, 180 млн долларға жеткен. Әсіресе отандық өнімдерді экспорттау оң шешімін тапты.
Ауғанстан елімізден 24 тауар түрін импорттайды. Ауғандар да Қазақстан нарығына өз тауарларын шығарудың тың жолдарын іздестіруде. Әзірге кептірілген жемістер мен кілем, асыл тастар, мәрмәрлар сұранысқа ие.