"Қазақстанның Даму банкі" EY және McKinsey&Company халықаралық компаниялар консорциумымен бірге негізгі бизнес үдерістерді оңтайландыру және жаңа қаржы өнімдерін енгізу бойынша жобаны аяқтады. Жобаның нәтижесі несие өтінімдерін қарау мерзімдерін оңтайландыру, несие үдерісінің сапасын арттыру мен несие және операциялық тәуекелдер деңгейін төмендету болады. Бұл туралы ҚДБ-ның ресми сайтында хабарланды.
Хабарламада айтылғандай, банктің несие қызметі аясында барлық бизнес үдерістерін 70%-ға дейін автоматтандыру бойынша «Жол картасы» қалыптастырылды.
"Жоба өткен жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың ақпанына дейін үш кезеңмен жүзеге асырылды: банктің ағымдағы бизнес үдерістерінің диагностикасы, несие қызметінің мақсатты үлгісін әзірлеу, сондай-ақ жаңа бизнес өнімдерді және бизнес үдерістерді сынақтан өткізу және енгізу", - делінген хабарламада.
Бірінші кезең аясында 44 негізгі бизнес үдерістерге талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде несие үдерісіндегі кемшіліктер, атап айтқанда, өтінімдерді қарау ұзақтығы, несиелік талдау сапасының төмен деңгейі, Банктің ұйымдық құрылымын өзгерту қажеттілігі анықталды.
Диагностика нәтижелері негізінде, сондай-ақ әлемнің үздік банктік іс-тәжірибелерін ескере отырып, кеңесшілермен бірге несие қызметінің жаңа мақсатты үлгісі әзірленді, ол келесілерден құралған:
- Несиелік талдау жүргізу кезінде рөлдерді нақты анықтау (клиенттік менеджер – клиентпен өзара әрекеттестік және құжаттарды қабылдау, несиелік талдаушы – несиелік талдау жүргізу), - шешім қабылдаудың және талдаудың сәйкес құрылымдық формаларының нақты белгілерін енгізу, - алдын ала хабарлау жүйесін енгізу арқылы несие мониторингі үдерісін жетілдіру (жобалар бойынша қауіпті белгілерді анықтау), - Банктің алқалы органдарының қатысуын азайту, - Несие үдерістерін одан әрі автоматтандыру.
Бизнес ұсыныстарды алдын ала қарау және несие өтінімдерін индикативтік талдау кезеңдерінде түбегейлі өзгерістер болады. Бастапқы іріктеу кезеңінде өтінім берушілер арасында сауалнама жүргізу енгізіледі, негізінен ол өтінім берушінің жобаның коммерциялық тиімділігін өз тарапынан бағалау болмақ. Индикативтік талдау әлдеқайда тереңдеп, банк сараптамасына жоба пысықталып түседі.
Несие қызметінің жаңа үлгісі банктің ұйымдастырушылық қайта құрылуын талап етті. Осы тұрғыдағы негізгі өзгерістер фронт-, мидл- және бэк-офистердің функционалын ажырату арқылы міндеттерді бөлуге қатысты болды. Клиенттік менеджердің, несиелік талдаушының және мониторинг бойынша маманның функционалы (алдын ала хабарлау жүйесі жөніндегі функция) бөлінді.
Үшінші кезең аясында несие үдерісінің барлық кезеңдерінде – жобаларды бастапқы іріктеуден бастап қаржыландыру туралы шешім қабылдағанға дейін жаңа несие үлгісін сынамалы түрінде енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан өзге, «ҚДБ-Лизинг» еншілес ұйымы негізінде «Иджара» ислам лизингінің жаңа өнімін пилоттық енгізу жүзеге асырылды. Ақтық кезеңде кеңесшілермен бірге сондай-ақ клиенттің online-кабинетін енгізу арқылы бизнес үдерістерді автоматтандыру бойынша талаптар әзірленді.
«Жоба 2017 жылдың соңына дейін есептелген Банкті трансформациялаудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазірдің өзінде Банктің несие қызметіндегі сапалы өзгерістер жайлы айтуға болады: қазіргі уақытта бизнес үдерістердің жаңа реттемелері әрекет етеді, несиелік талдау, тәуекелді басқару әдістемесі жетілдірілді. Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру және сегіз айдың ішінде өзгерістерді енгізуден айтарлықтай нәтиже алу басшылықтың қолдауынсыз және Банк қызметкерлерінің өзгерістер енгізу үдерістеріне атсалыспауынсыз мүмкін болмас еді», - деп атап өтті Сергей Сафонов, EY компаниясының серіктесі