Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Даму Банкі «Қайнар-АКБ» ЖШС-і үшін кредиттік желіні ашты

Қазақстан Даму Банкі «Қайнар-АКБ» ЖШС-і үшін кредиттік желіні ашты

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – ҚДБ қазақстандық аккумуляторлар экспортын кеңейту жөніндегі операцияларға қаржыландыру ашты, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ стартерлік аккумуляторлар өндірісі үшін шикізат сатып алуға, 3 жылға дейінгі мерзіммен 2 млрд теңге сомасына «Қайнар-АКБ» ЖШС-ге кредиттік желі ашты. Экспорт алдындағы қаржыландыру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ұсынылды.

«Қайнар-АКБ» ЖШС-ның Алматы облысының Талдықорған қаласында орналасқан қорғасынды-қышқылды автомобиль аккумуляторларын жасайтын зауыты бар. Кәсіпорын жыл сайын 2,5 млн жуық аккумуляторлар шығарады, олардың 60% астамы Ресейге, Әзірбайжанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Беларуссияға, Тәжікстанға, Қытайға және БАӘ-ге экспортталады. Банк ұсынған экспорт алдындағы қаржыландыру кәсіпорынға 2020 жылға қарай шетелдік нарықтарға өнім шығаруды жылына 3 млн аккумуляторға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Похожие материалы