Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан халықаралық жүк тасымалындағы өзекті мәселелерді назарда ұстайды

Қазақстан халықаралық жүк тасымалындағы өзекті мәселелерді назарда ұстайды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Еуроодақ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленіс салдарынан жүк тасымалына байланысты туындаған мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда.

"Еуропалық Одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалы бойынша проблемалар бар. Оларды жекелеген тұлғалар әлеуметтік желілерде атап өтті", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік ақпараты бойынша, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары жүктерін Петербург және Новороссийск порттары арқылы Ресей кемелерімен тасымалдаудан бас тартқан. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылдануда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік тарапынан Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Венстпилс порттарына қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылуда. Осы мәселе бойынша Латвияның көлік министрлігімен және Латвия теңіз порттарының әкімшіліктерімен кездесу өткізу жоспарланып отыр

Сондай-ақ қазақстандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша бағытты пайдалану ұсынылды.

Похожие материалы