Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 200 млн долларға жеткізілмек

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 200 млн долларға жеткізілмек

Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – 9 айда Қазақстан өз өнімдерінің Әзербайжанға экспортын 65,5%-ға арттырды.

Әзербайжан мемлекеттік кеден комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 169 миллион доллардан асқан. 2017 жылы осы мерзімде бұл көрсеткіш 102 миллион доллар болатын. Ал, елімізден Әзербайжанға экспортталған тауарлардың сомасы 134 миллион долларға жақындап қалды. Бұл өткен жылғы экспорт көлемінен артық.

Алдағы уақытта Қазақстан мен Әзербайжан тауар айналымын 200 миллион доллардан асыруды жоспарлап отыр.

Похожие материалы