Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы - «Локомотив» АҚ локомотив бригадаларының еңбеккерлері салалық жәрдемақылар алу құқығымен құрметті демалысқа ерте шыға алады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР еңбек заңдылықтарына сәйкес Қазақстанда азаматтардың зейнет жасы 63 -деп саналады. ҚТЖ-да 2006 жылдан бері белгіленген ережеге байланысты, «Локомотив» АҚ өз қаржысы есебінен 59 жасқа толған және осы саладағы еңбек өтілі 12,5 жылдан жоғары еңбеккерлерге салалық жәрдемақы төлеп келеді.
«Локомотив» АҚ президенті Марат Шакеновтің айтуынша, қазіргі таңда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік –экономикалық және құқықтық кепілдіктерді орындау мақсатында локомотив бригадаларында жасқа қатысты норма қайта қаралып -57 жас деп бекітілді. Бұл мәселе, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің тарапынан қолдау тапты. «Біздің сараптауымызша, осы жасқа жеткен көптеген машинистер мен машинистердің көмекшілері норманы дұрыс көріп, жеңілдікті пайдаланғысы келеді. Сондықтан да біз оларды алмастыратын мамандарды баулудамыз»,-дейді Марат Шәкенов. Салалық жәрдемақы төлеу еңбеккердің жасы 63-ке келгенде және оның Қазақстаннан басқа елге қоныс аударған кезінде тоқтатылады. Сондай-ақ, жәрдемақы алып отырған машинист пен машинистің көмекшісі құрылымдық бөлімшелерге немесе «Локомотив» филиалына қызметке орналасқан және өмірден озған жағдайда тоқтатылады.





