Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 13,5 мың адам жұмыстан қысқартылды

Қазақстанда 13,5 мың адам жұмыстан қысқартылды

2015 жылы 13,5 мың қазақстандық жұмыстан қысқартылды. Көрсеткіш 2014 жылғы қысқартумен салыстырғанда 3,7 есеге өскен, деп хабарлайды әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"2015 жылдың 25 желтоқсанында 401 кәсіпорында жұмыс істейтін 188 мың адамның мониторингі жарияланды. Олардың ішінде 13,5 мың адамның еңбек өтілі тоқтатылған" - деп хабарланды министрліктен.

Ал 2014 жылы 315 кәсіпорыннан қысқартылан жұмысшылар саны 3,6 мың болған. Осылайша 2015 жылы қысқарған адамдар саны 3,7 есеге өсіп отыр.

2015 жылдың қаңтар-қазан айында ең көп жұмысшылар көтерме-бөлшек саудада(461 жұмысшы), өндіріс саласында (624), транспорт және каптап сақтау ісінде (413) қысқарды.  Сондай-ақ, білім саласы мен (150) әлеуметтік қызмет көрсету саласында да (127) қызметтен кеткендер бар.

Алайда мемлекет қысқарған жұмысшыларды еңбекпен қамту жоспарын дайындап жатыр. Сонымен жұмыстан қысқарған қазақстандықтар "Нұрлы жол" мемлекттік бағдарламасы және индустриалды-инновациялық дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар арқылы қызметке тұра алады.

Фото: uralskweek.kz

Похожие материалы