Экономика
Қазақстанда 2015 жылы инфляция 12,3%-ды құрады
Қазақстанда 2015 жылғы қаңтар-қараша айында инфляция 12,3%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы қаңтар-қарашада 6,9% болған, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бері 9,6%-ға (6,9%-ға), азық- түлікке жатпайтын тауарлар 21,3%-ға (7,8%-ға), ақылы қызметтер 6,7%-ға (6,1%-ға) қымбаттады", - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стастистика комитетінің ресми деректері бойынша,
2015 жылғы қарашада инфляция 3,7% (2014 жылғы қарашада – 0,6%) болды. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 3,3%-ға (0,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға (0,5%-ға) өсті. Ақылы қызметтер тарифтері 1,4%-ға (0,5%- ға) өсті.
Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы қарашада көбіне көкөністер – 10,6%-ға, жұмыртқа – 9,4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 6,3%-ға, майлар мен тоң май – 5,4%-ға, жармалар – 4,2%-ға, нан – 3,5%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім мен аяқ киім бағасы 9,1%-ға, автокөлік құралдары 10,1%-ға, дәрі-дәрмектер 8,1%-ға, үй тұрмысы заттары 6,1%-ға көтерілді. Бензин 0,1%-ға, дизель отыны 1,5%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 1,9%-ға өсті. Орталықтан жылыту тарифтері 5,2%-ға, ыстық су 3,5%-ға, салқын су 1,2%-ға көтерілді.
Жылдық инфляция 2015 жылғы қарашада 12,8%-ды (2014 жылғы желтоқсанда 7,4%- ды) құрады.
Фото: inform.kz