
Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұратыны белгілі болды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәліметінде көрсетілген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның ішінде 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллион әйел ауылда тұрады. Еліміздегі әйелдер қауымы көбіне білім, бизнес және әкімшілік, сату қызметі, сауда, қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5 жас, некеге тұру жасы – 24,8 жас, өмір сүру ұзақтығы – 75,5 жас.
