Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісі экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасымен келісті.
Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оның кандидатурасын премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті» Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес премьер-Министр ұсынған Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы кандидатурасын қарап, осы кандидатураны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсыну мүмкін деп есептейді», - делінген комитеттің қорытындысында.