2016 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1681,7 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 14,9% артық. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 5469,1 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,4% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,4% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,8% төмендеді.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-сәуірде 2015 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 99,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2016 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 13477,3 млн АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-наурызбен салыстырғанда 30% төмендеді, соның ішінде экспорт – 8311,4 млн доллар (30,9% аз), импорт – 5165,9 млн доллар болды (28,4% аз).