Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады?

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады?

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда негізінен екі түрлі санаттағы автокөліктерді ұрлайды: жол талғамайтын автокөліктер, кейіннен көрші елдерге - Қырғызстанға, Ресейге, Тәжікстанға сатып жібереді, сондай-ақ автобөлшектерге бөлшектелген арзан седандар мен кроссоверлер. Бұл туралы «Лондон-Алматы» СК мамандары хабарлады.

«Көбінесе жапондық өндірушілердің машиналары, негізінен Toyota брендтері ұрланады. Екінші орында Lada маркалы автокөліктер, олардың көпшілігі ұрланғаннан кейін автобөлшектерге бөлшектенеді. Одан әрі Mazda, Honda, BMW, Lexus және Hyundai маркалы автокөліктер бар», - делінген хабарламада.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы автокөлік иелерінің 10%-ы қаскүнемдердің құрбаны болудан қорқады және ұрлық салдарынан өз автокөлігінен айырылады.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 2017 жылы 2,6 мыңнан астам қылмыстық әрекеттер жасалды - автокөлікті ұрлау мақсатында иелену. Республикада 2017 жылы автокөліктерді ұрлау шамамен 650-ге жетті, ал 2018 жылы ресми статистика бойынша шамамен 750-ге жуық болды. Бірнеше жыл бойы Алматы қаласы автокөлік ұрлығы бойынша көшбасшы болып табылады, 2018 жылы қалада 255 қылмыс тіркелді. Одан әрі Қарағанды, Шымкент, Қостанай облыстары.

Похожие материалы