Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шетелдік компаниялар жалға алған жерлерді қайтарады

Қазақстанда шетелдік компаниялар жалға алған жерлерді қайтарады

Астана. 30 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда шетел тұлғаларына жерді жалға беру туралы талаптар өте қатаң. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"12,3 мың гектар жер Ливан және басқа елдердің қатысуымен кәсіпорындарға берілді. Қазір бұл жерлерді Қазақстанға қайтару бойынша сот істі қарап жатыр. Бұл шетелдіктерге жерді беру бойынша талаптардың өте қатаң екенін көрсетеді", - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, аграрлық ведомствоның басшысы бүгінде Жер реформасы жөніндегі комиссияның Call-орталықтарына 3 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін айтты. Jerturaly.kz сайтына 289 сұрақ пен 170 ұсыныс келіп түскен болса, соның 43 пайызы жер реформасына қатысты.

Похожие материалы