Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жеке тұлғаларға берілетін орташа кредит көлемі - 249,5 мың теңге

Қазақстанда жеке тұлғаларға берілетін орташа кредит көлемі - 249,5 мың теңге

Қазақстанның микрокредиттік ұйымдары 2015 жылы несие беру көлемін азайтқан, деп хабарлайды finprom.kz порталы.

Агенттік сарапшыларының ақпараты бойынша, 2015 жылы жалпы кредит көлемі 19 млрд теңгеге қысқарып, 101 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 120 млрд теңгені құраған.

Дегенмен берілген кредит көлемі артқан. 2014 жылы 415 мыңға жуық несие берілсе, 2015 жылы көрсеткіш 516 мыңға жеткен.

"Кредиттер статистикасы бойынша, Қазақстандағы жеке тұлғаларға берілетін орташа кредит көлемі - 249,5 мың теңге , ал заңды тұлғаларға берілетін орташа қарыз көлемі 62 млн теңге. Кредиттің көпшілігі Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының жеке тұлғаларына берілген", – дейді сарапшылар.

Олардың сөзінше, жеке тұлғаларға арналған орташа кредит бойынша  Ақтөбе (6 млрд теңге), Ақмола (4,87 млрд теңге) Жамбыл облысы (4,47 млрд теңге) алдыңғы орныда тұр. Ал заңды тұлғаларға ең көп кредит Астана (608,6 млрд теңге) және Алматы қаласында (58,48 млрд тенге), Оңтүстік Қазақстан облысында (27 млрд тенге) берілген.

Похожие материалы