Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 16 есеге, украиндықтар үш есеге өсті

Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 16 есеге, украиндықтар үш есеге өсті

Қазақстан. 26 мамыр. 7kun.kz – Соңғы айларда 36 000-ға жуық ресейлік және 600-ден астам украиндық қазақстандық ЖСН алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке сәйкестендіру нөмірлерін 35 782 ресейлік алды, бұл өткен жылдың (2230) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе көп. Сондай-ақ, 637 Украина азаматы ЖСН рәсімдеді, бұл өткен жылмен (213) салыстырғанда үш есе көп.

ЖСН мемлекеттік органдарға жүгіну және банк шоттарын ашу үшін қажет. Оны басқа елдің азаматы бола тұрып алуға болады. ЖСН-ді тұру рұқсатымен немесе азаматтықпен шатастырмау қажет.

Похожие материалы