Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2 095,9 млрд теңгені құрады

Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2 095,9 млрд теңгені құрады

Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың қаңтар-сәуірінде 2 095,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға аз. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Сәйкес кезеңде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 1 127 млрд теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 96,6%-ды құрады. Сонымен қатар, ірі сегмент кәсіпорындары бойынша (50-ден жоғары жұмыскерлер саны бар) бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2015 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 88,7%-ды құрады.

Дара кәсіпкерлердің, соның ішінде базарларда саудамен айналысатындардың бөлшек сауда көлемі жалпы көлемнің 46,2%-ын алады, өткен жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда олардың көлемі 0,9%-ға төмендеді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,7%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2% төмендеп, азық-түлік тауарлары – 9% өсті.

2016 жылдың 1 мамырда бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарың тауарлық қорларының көлемі 387,4 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері – 76 күн.

2016 жылдың қаңтар-сәуірінде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлемінде неғұрлым жоғары үлес салмағы Алматы қаласына (29,7%), Астана қаласына (11,8%), Қарағанды облысына (9,2%) келеді.

k13-05-2016-1

Похожие материалы