Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы соңғы бес жылдағы террористік шабуылдар

Қазақстандағы соңғы бес жылдағы террористік шабуылдар

АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған баяндамадағы Мэриленд университетінің статистикасына сәйкес,  2015 жылы террористік шабуылдар саны 13 пайызға азайған. «Бұл соңғы үш жылда кему тарапында байқалған алғашқы құбылыс», - дейді мамандар. Сонымен бірге, терактілер құрбанының саны да 14 пайызға дейін төмендеген.  Ауғанстан, Пәкістан, Индия және Нигерия секілді елдерде террористік шабуылдар айтарлықтай азайғанымен, бұрындары тыныштық сақталып келген Қазақстанды лаңкестердің лаңы шарпыды.

Посткеңестік елдердің арасынан діни плюларизмге ие болып, радикализмнен аулақ, татулық пен игіліктің мекені танылып келген Қазақстан бұл атақтан 2011 жылы алғаш рет террористік шабуылдар басталған кезде-ақ айрылып қалған. Дәл бес жұрын елдің батысында болған оқиғалар елді біраз әбігерге салып еді, жуырда бұл жағдай тағы қайталанды. Қазақстанда алғаш рет террористік шабуыл қайдан байқалды? Бүгінгі дейін қанша террорист ұсталды? Осы мақалада сіздерге аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар

2011 жылғы мамырдың 17-інде Ақтөбедегі ҰҚК департаментінің ғимаратында 25 жастағы Рахымжан Махатов өзін-өзі жарып жіберді. Сол кезде жауапты органдар азаматтың радикалды экстремистер тобына қатысы бар екенін айтқанымен, аталған оқиғаны теракт ретінде танымаған болатын.  Олардың айтуынша, Мақатов ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін жауапкершіліктен жалтармақ болған. Бір апта өткен соң, 24 маусымда Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторы маңайында Ауди-100 маркалы көлігі жарылды. Тергеу жұмыстары Сергей Подкосов есімді орыс мұсылманына тиесілі жарылғыш зат  жарылған. Онымен бірге, өз жолаушысы не тасымалдап бара жатқанынан хабарсыз таксист жүргізушісі де қазақ болды. Бірақ бұл оқиға да теракт болып танылған жоқ. 28 маусым күні Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында полиция  тоқтатқан көлігінен қару мен экстремистік кітаптар тауып, көлік иесі Талған Шақановты қамауға алынған болатын. Екі күн өткен соң, 30-нан 1 маусымға қараған түні белгісіз біреулер ауыл полиция пунктінің екі полициясын атып кетеді. Ресми емес дерек көздеріне сәйкес, қайтыс болған қызметкерлер - Айдос Боранбаев пен Нұрлан Алпысбай қонаққа келіп, көліктен түсе бергенде белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қатты шудан далаға шыққан үйдегілер алтыға жуық адам байқағанын айтқан. Осылай 1 маусымнан бастап, Шұбарши мен оған жақын Саркөл, Кеңқияқ ауылдарының отызға жуық діни адамды ұсталды. Тергеу амалдары барысында күдіктілердің туыстары мен жақындары да қылмыскер мен қылмыс айғақтарын жасырмақ болғаны үшін ұсталған. Кейіннен күдіктілердің шетелге кетіп қалғандары белгілі болып, Ақтөбе мен Оралдан тартылған қауіпсіздік қызметкерлері қайтарылды. Бірақ «Сұңқар» мен «Бүркіт» арнайы жасақтары Кеңқияқ ауылын тінту барысында қылмыскер топқа тап болып, 8 – 9 маусым аралығында атыс болды. Сол түні 10 қылмыскер, 2 полиция қызметкері қайтыс болды. 10 күнге созылған операцияны Ақтөбе қаласының Ішкі істер департаменті терроризм емес, «заңсыз мұнай саудасына кедергі келтіргені үшін полициядан кек алу үшін жасалған қастандық» деп қортындылады. [caption id="attachment_44630" align="alignnone" width="620"]Фото: telegraph.co.uk Фото: telegraph.co.uk[/caption]

2011 жыл

«Institute for Economics and Peace» ұйымы дүниежүзіндегі террорлық әрекеттерді есепке алып, зерттеу жүргізген. 2011 жылы жарылыс ұйымдастырғандар саны күрт өскен, сонымен қатар барлық жарылыстың 9 пайызының ғана алды алынған. Аталған жылдағы террорлық әрекеттер ескеріліп, терроризм жиі болатын елдердің индексінде Қазақстан 47-орында тұрды. Осылайша, бұл жыл Қазақстанның әрбір тұрғыны терроризммен танысып, жан-жақта болған жарылыстар азаматтардың үрейін алған жыл ретінде есте қалды. 2011 жылдың тамызында Атырау қаласында теракті жасауға даярлық жүргізді деп айыпталған уаххабистердің үлкен тобы құрықталды. Ал 31 қазан күні Атыраудың облыстық әкімшілігі мен прокуратура маңайында екі жарылыс болды. Өзін-өзі жарып жіберген 24 жастағы Бауыржан Сұлтанғалиев қайтыс болып, іс алғаш рет террористік әрекет ретінде тіркелді. 8 қарашада Алматы қаласында екі полицияны алдап шақырып, атып тастаған. «Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда қылмыскерлер тек 3 желтоқсан күні Алматы облысының Боралдай аулында ұсталды. Экстремистер тұрақтаған жеке үйде қақтығыс болып 4 террорист, арнайы жасақтың екі мүшесі қаза тапты. Ал 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғыны жалғыз өзі террорлық әрекет ұйымдастырды. Оқиға барысында террористің ізін кескен екі қызметкер қылмыскер қолынан қаза болды. 34 жастағы Мақсат Қариевті құқық қорғау қызметкерлері ұстамақ болғанда жиһадшы өзін өзі жарып жіберген. Сол уақытта жарылысты денесімен жапқан полиция капитан Ғазиз Байтасов қаза болды. Ерлікпен қаза тапқан капитанға «Халық Қаһарманы» атағы берілді. [caption id="attachment_44634" align="alignnone" width="600"]Фото: el.kz Фото: el.kz[/caption]

2012 жыл

21 маусымда Ақтөбе қаласында үш азамат такси жүргізушісіне шабуыл жасаған, ал оған көмекке келген жол полиция қызметкерін өлтірген. Екі күннен соң қылмыстық топ табылып, өз еркімен берілу туралы ұсынысқа қарамай оқ жаудырған. Болған атыс салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алып, екі экстремист қаза болды. Оқиғаға қатысы бар 17 жасар жергілікті тұрғын ұсталды. 11 шілдеде Таусамал ауылында жарылыс болып, жер үй өртке оранған. Қалдықтарды қазбалау барысында сегіз адамның денесі табылды. Үй ішінде жарылғыш заттар мен қару табылған. Полицияның айтуынша, үйде болғандар теракті жасауды жоспарлаған. Бір ай өткен соң, 17 тамызда, Алматы аумағындағы Бағанашыл ауылында полиция Таусамал ауылындағы жарылысқа күдікті болған қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізеді. Жеке үйде жасырынған 12 қылмыскердің көзі жойылды. Құқық қорғау органдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. 14 қыркүйектен 15-не қараған түні белгісіз біреулер автокөліктен Атыраудың орталығындағы полиция постына оқ жаудырады да, ары қарай қалалық полиция ғимаратына шабуыл жасайды. Қылмыстық топ 21 қыркүйек күні қала сыртындағы Көктем аулында ұсталды. Бұдан соң Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 12 қыркүйек полициямен атысқан 5 адам мерт болды. [caption id="attachment_44635" align="alignnone" width="596"]Фото: azh.kz Фото: azh.kz[/caption]

2011 жыл 17 мамыр - 2012 жыл 21 қыркүйек арасында Қазақстан аумағында терроризмге қатысы бар оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12-сі - полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары) қаза тапты.

2013 жыл

ҚР Бас прокуратурасының хабарлауы бойынша, 2013 жылы террористік қылмыс үшін – елуден астам, экстремистік қылмыс жасады деген айыппен 32 азамат ұсталған. Бақылау комитеті, сонымен қатар, 83 азаматқа қатысты экстремизм мен терроризм бабы бойынша 38 қылмыстық іс қозғалған. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен (127 азамат) салыстырғанда төмен.

2014 жыл

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-әрекет жөніндегі зерттеулер нәтижесі туралы Ерлан Қарин «Қазақстан терроризм қаупі төмен мемлекеттер қатарында тұр» деп баяндама жасады. «Шынайы жағдайға келсек, терроризм қаупін бағалаудың түрлі жаһандық индекстері бойынша Қазақстан лаңкестік қатерлер барынша төмен мемлекеттер қатарында тұр. Бұны әр түрлі институттардың мәліметтері растайды. Сонымен қатар, АҚШ-та орналасқан аса ірі талдау-сараптамалық орталығы өз сараптауларында тіпті Қазақстанды қоспаған. Оның себебін өз ойымша топшылай кетсем, ондай институттар Қазақстанның аумағында орын алған оқиғаларды террористік актілер ретінде жіктемейді және террористік актілерге жатқызбайды да. Әрине, әр түрлі құрылымдар бұл оқиғаларды әр түрлі бағалайды, дегенмен олардың басым бөлігінде сарапшылардың пікірі бір-бірінен алшақ емес», - деген еді Е. Қарин. [caption id="attachment_44636" align="alignnone" width="650"]Фото: 24.kz Фото: 24.kz[/caption]

2015 жыл

2015 жылы Қазақстан әлемдік экономика мен бейбітшілік зерттеу орталығының террористік қауіп жоғары елдердің рейтінгінде 83 орында тұрды. 2012 жылы біз бұл индексте – 47, 2014 жылы 63-орында болдық. Бұл – террористерден төнетін қауіп жыл сайын төмендеді деген сөз.

2016 жыл

Ақтөбе қаласында 5 маусым күні экстремисттік көзқарастағы 26 азамат «Паллада» қару-жарақ-дүкеніне кіріп, суық қаруларды ұрлап шыққан. Салдарынан, бiрiншi қару дүкенiнiң сатушысы мен оқиға орнына бiрiншi болып жеткен күзет қызметкерi қаза тапты. Ал екiншi қару дүкенiнде келген адам пышақ жарақатынан мерт болды. Жалпы алғанда, 3 бейбiт адам көз жұмып, 2 адам жараланды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәлімдеуінші, шабуылдың салдарынан 9 адам қаза тауып, 38 адамның әртүрлі дене жарақаттарын алған. Министрдің айтуынша, шабуыл жасаған 26 азаматтың 13-інің көзі жойылып, 6-ы жарақаттанды. Енді қалған 7 адам іздестіріліп жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жалпы 38 адамның 15-і жеңіл жарақаттар алған, амбулаториялық емге бағытталып, 20 адам емханаға жатқызылған. Олардың 17-сіне ота жасалған, ал тоғызының жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді. [caption id="attachment_44637" align="alignnone" width="600"]Фото: lenta.ru Фото: lenta.ru[/caption]

Болған оқиғаға байланысты Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Осы жылдың соңғы терактісі Алматыда болды. Қызылорда қаласының бұған дейін істі болған 27 жастағы азаматы Алмалы аудандық ішкі істер департаментінде тұрған пост полицейіне оқ атып (кейін қаза тапты), оның автоматын ұрлап кеткен. Кейін күдікті Абылай хан - Төле би көшелерінің қиылысына қарай жүгірген, қашып бара жатқанда артынан қуған екі құқық қорғау қызметкерін атып өлтірді. Атыстан соң күдікті тұтқындалды. Атыс туралы ақпарат шығып, оқиғаның мән-жайы анықталған соң террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Алматыдағы жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің оперативті отырысын жинады да, аталған оқиға "теракт" деп танылды. Қылмыскерді құрықтау барысында 4 адам: 3 полицей, 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, одан бөлек 7 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. [caption id="attachment_48205" align="alignnone" width="650"]Фото: rbc.ua Фото: rbc.ua[/caption]

Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"

 

Похожие материалы