Мырзахетов Абылай Исабекұлы - 1969 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Созақ аудыны, Жарты төбе ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1992 жылы - М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - экономист.
Ғылыми атақтары:
2003-2004 жылдары - М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін аспиранты.
2006 жылы - Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының экспорттық-транзиттік қызметі және оның елдің көлік жүйесінің дамуына әсері".
Еңбек жолы:
1992-1994 жылдары - "Алтын-Алма "концерні" АҚ қаржы директоры болды.
1994-1996 жылдары - "Политэк" жабық үлгідегі акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарды.
1994-1997 жылдары - "Айсель-Қазақстан" АҚ Бас директоры лауазымын иеленді.
1997-1998 жылдары - "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
1997-2001 жылдары - "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының міндетін атқарушы, бас директоры қызметтерінде еңбек етті.
2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі лауазымына тағайындалды.
*2002 жылдың наурыз айында - қылмыстық істі тергеу кезінде қызметінен шеттетілді. 2002 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті тұтқындады. 2003 жылдың мамыр айында мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
2002-2004 жылдары - "Dala Group" ЖАҚ бас директорының кеңесшісі міндетін атқарды.
2005 жылы - Қазақстан Республикасы СӨП Одағының президенті болды.
2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы СӨП Президенті, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасының төрағасы қызметтерінде еңбек етті.
2007 жылы - "Атамекен" одағы "Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі ретінде тіркелді.
2009 жылы - "Бүркіт" ҚПК " ЖШС Бас директоры болды.
2011-2013 жылдары - "Атамекен" одағы "Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
2013 жылдан бастап - "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы болды.
Басқа да қызметтері:
1998-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы шахмат федерациясының президенті қызметін атқарды.
2003 жылы - "Москоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2005-2007 жылдары - "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің мүшесі болған.
2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.
2005 жылы - "Dala Group" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2009 жылы - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ жанындағы Қоғамдық-Консультативтік кеңестің жауапты хатшысы лауазымында еңбек етті.
2010 жылы - Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.
2012 жылы - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде танылды.
2017 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелігіне сайланды.
2018 жылдың маусым айында - Қазақстан тарапының өкілі ретінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне енгізілді.
Марапаттары:
- "Құрмет" Ордені (2000);
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі (12.2016)
- 3 дәрежелі Барыс орденінің кавалері (2017)
- "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі (2018)
Отбасы:
Үйленген, қызы және ұлы бар.
Ағасы - Асқар Мырзахметов, мемлекет қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ауылшаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министірінің орынбасары және т.б. мемлекеттік қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімі болып табылады.
Активтері:
Абылай Мырзахметов "Green House – Зеленый Дом" ЖШС және "Комбинат "Фараб" ЖШС үлестеріне ие.
Forbes сайтының "Қазақстандағы ықпалды бизнесмен – 2018" рейтингінде 27 сатыға орналасты.
Дереккөздер: online.zakon.kz, forbes.kz,wikipedia.org