Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Андрей Лаврентьев

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Андрей Лаврентьев
Андрей Сергеевич Лаврентьев – 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Алматы қаласындағы "Әділет" Жоғары құқық мектебін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2001-2003 жылдары - Бавария" Автоорталығында кеден және логистика департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары – AllurAuto-да құрылтайшы, коммерциялық директоры болды. 2008-2012 жылдары - AllurAuto МАК Бас директоры қызметіне тағайындалды. 2010 жылы - "Қазақстандық автобизнес қауымдастығы" ЗТБ президенті лауазымына тағайындалды. 2012 жылы - Allur Group МАК Президенті болды. 2013 жылы - Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді шығаруды жүзеге асыратын "АгромашХолдинг" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді. 2014 жылы - "Аллюр" Компаниялар тобы" АҚ президенті болып сайланды. 2015 жыл - "Аллюр" Компаниялар тобы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Басқа да қызметтері:

Қазақстанның Ұлттық Экономикалық палатасы "Атамекен" одағының мүшесі болды. 2011 жылы - Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті ретінде сайланды. 2012 жылы - Young President Organization мүшесі ретінде тіркелді. 2013 жылы - Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы машина жасау және металл өңдеу комитетінің "автомобиль жасау" кіші комитетінің төрағасы болып қызмет етті. ҚР Премьер-Министрі жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылады. ALMA University Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болды. Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық емес перспективалық он салаларында "ұлттық чемпиондарды" — компанияларды іріктеу бойынша сараптамалық топтың мүшесі. Іс-шараға Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бастамашылық етті. 2015 жылы - Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма мүшесі болды.

Кәсіпкерлігі:

2010 жылы - "Агромашхолдинг" АҚ Өнеркәсіптік кәсіпорны AllurAuto автомобиль компанияларының Қазақстандық тобымен бірлесіп, Андрей Лаврентьев пен оңтүстік кореялық SsangYong Motor Company автоөндірушісі Қазақстанда SsangYong жол талғамайтын көліктерді құрастыру жөніндегі жобаның басталғанын хабарлады. 2012 жылы - Андрей Лаврентьев Қостанай облысында қуаты жылына 50 000 автомобильге дейін болатын "Қазақстан Республикасында шанақтарды дәнекерлеу мен бояуды қоса алғанда, CKD құрастыру әдісімен автомобильдер өндірісін ұйымдастыру" жобасының бастамашысы болды. 2012 жылы - Астанада Индустрияландыру күні аясында Андрей Лаврентьев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық NOMAD автомобилінің жобасын таныстырды. 2013 жылы - Астанада PSA Peugeot Citroën, "АгромашХолдинг" АҚ және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. "АгромашХолдинг" атынан компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев сөз сөйледі. 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстан өндірісінің Peugeot алғашқы автомобильдері ресми түрде жұртшылыққа ұсынылды және сатылымға түсті. 2014 жылы - Андрей Лаврентьев басқаратын "СарыарқаАвтоПром" кәсіпорнында Toyota автокөліктерін өндіру желісі іске қосылды. Бұл автомобильдер бір Toyota Fortuner моделімен ұсынылған. Өндіріс CKD әдісімен жүзеге асырылады. Маусым айында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Allur Group МК және Iveco S.p.A. Қазақстанда IVECO автобустары мен коммерциялық автокөліктерін бірлесіп өндіру туралы меморандумға қол қойды. 2016 жылы - "Агромашхолдинг" зауытына бару барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Андрей Лаврентьевтің қатысуымен Қостанай облысында Индустриялық аймақ құру туралы ірі инвестициялық және машина жасау корпорацияларымен бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Марапаттары:

2011 жылы - SsangYong маркалы автомобильдер "Өндірістік мақсаттағы тауарлар" номинациясында Қазақстанның үздік тауары болды. "Атамекен" Одағы Ұлттық Экономикалық палатасының Қазақстан экономикасы мен бизнесін дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін орденімен марапатталған. 2013 жыл - "СарыарқаАвтоПром" ЖШС ҚР Президентінің "Индустрияландыру көшбасшысы" санатындағы "SsangYong Nomad маркалы автомобильдерін ұсақ торапты әдіспен өндіруді ұйымдастыру" жобасымен "Алтын сапа" арнайы сыйлығы табыс етілді. Марапатты Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан Allur Group МАК президенті Андрей Лаврентьев алды. Қазақстандық автопромға қосқан елеулі үлесі үшін "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталған. Қазақстандағы Ernst&Young "Жыл кәсіпкері 2014" халықаралық байқауының жеңімпазы. 2015 жылдың маусым айында Андрей Лаврентьев Монте-Карлода (Монако) өткен "Жыл кәсіпкері" халықаралық байқауының финалында Қазақстанды таныстырды. 2015 жылдың қазан айында "ЖылАвтосы — 2015" сыйлығы аясында Андрей Лаврентьевке "Қазақстанның автомобиль өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін" наградасы берілді. Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. 2016 жылдың желтоқсан айында "Құрмет" орденінің кавалері болды. Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. "Атамекен" Одағы Ұлттық Экономикалық палатасының Қазақстан экономикасы мен бизнесін дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін орденімен марапатталған.

Отбасы:

Әкесі - Сергей Петрович, техникалық гидроқұрылыстар жөніндегі инженер, ғылым кандидаты, жоба бойынша Бартоғай су қоймасында бөгет салынған. Анасы - Элла Антоновна, мемжоспар экономисі. Үйленген. Алты бала тәрбиелеуде.

Активтері:

Андрей Лаврентьев - "Аллюр" Компаниялар тобы" АҚ акцияларының 22,38%-на иелік етеді. Оның серіктестері - Юрий Цхай, "Baiterek Venture Fund" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ. Топ құрамына "Агромашхолдинг" АҚ, "Аллюр Дистрибьюшн" ЖШС, "Mitsubishi Центр Юг" ЖШС дилерлік орталықтары, "Жаңа Suzuki" ЖШС, "Allur Auto Almaty" ЖШС, "Allur Auto Astana" ЖШС, "Lion AutoCenter Almaty" ЖШС, "ZAZ Center Almaty" ЖШС, "Turin Auto" ЖШС, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС (88%) кіреді. Бизнесмен - YPO Kazakhstan қатысушы.

Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org

Похожие материалы