Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Динара Құлыбаева

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Динара Құлыбаева
Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева - 1967 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ортаншы қызы. Қазақстандық миллиардер Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың зайыбы.

Білімі:

1989 жылы - А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін бітірген. 1998 жылы - Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтынан магистр дәрежесін алды. 2007 жылы - «Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағытталған білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

Еңбек жолы:

1990-1991 жылдары - Қазақ Бас киносында инспектор ретінде еңбек етті. 1991-1995 жылдары - "Қазкинопрокатта" бөлім бастығы болды. 1996-1998 жылдары - «Бөбек» қорында дирекция жетекшісі қызметін атқарды. 1998 жылы - «Нұрсұлтан Назарбаев» білім қорынының директоры лауазымына тағайындалды. 2001 жылы - "ҚазХҚжӘТУ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді. 2004 жылы - «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы болды. 2009 жылдан бастап - Н.Назарбаев атындағы Ұлттық білім беру қорын басқарады.

Басқа да қызметтері:

1999 жылы - Астана мен Алматыда «Мирас» халықаралық мектептерін, «Арыстан» мамандандырылған лицейін құрды. 2011 жылы - Динара Қазақстанның ең бай әйелі деп танылды. 2017 жылы - ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясында "педагогика" саласындағы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің академигі болып сайланды.

Марапаттары:

2008 жылы - «Парасат» орденінің иегері. 2006 жылы - «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі. 2008 жылы - «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.

Отбасы:

Әкесі - Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев - 1940 жылы 6 шілде де, Алматы қаласы Шамалған ауылында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Анасы - Сара Алпысқызы Назарбаева, білімі жоғары, мамандығы - инженер-экономист. «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Күйеуі - Тимур Асқарұлы Құлыбаев. Алматы қаласында 1966 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі. Балалары: Үш баласы бар: ұлы Алтай (1990 ж.), қызы Дениз (2004 ж.) және Алишия (2010 ж.) Ұлы Алтай Құлыбаев 2012 жылы Лондон қалалық университетінде Cass Business School бакалавр дәрежесін алды.

Активтері:

Динара Құлыбаева - Тимур Құлыбаевпен тепе-теңдік негізінде «АЛМЭКС» Холдингтер тобы»  АҚ, «Кипрос» ЖШС және Steppe Capital Pte Ltd иелік етеді. Бизнес-вумен Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық білім қорының жалғыз құрылтайшысы және басшысы, «ҚазХҚжӘТУ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. 2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде күйеуімен бірге 2 сатыға орналасты. Өткен жылы Динара Құлыбаевтың жағдайы 3,1 млрд долларды құраған.

Дереккөз: forbes.kz, ru.wikipedia.org

Похожие материалы