Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Нұрлан Смағұлов

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Нұрлан Смағұлов
Нұрлан Смағұлов Еркебұланұлы - қазақстандық бизнесмен, Қазақстандағы Жаңа Зеландияның құрметті консулы, «Astana Motors KMK» және «Mega Mall» компаниялары кіретін Astana Group компаниясының иесі. 1965 жылы 2 маусымда Алматыда дүниеге келген.

Білімі

1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "биология және химия" мамандығы бойынша бітірген. 1984-1986 жылдары  — әскерде қызмет етті.

Еңбек жолы

1992 жылы  — "Астана Моторс" ҚМК автомобиль компаниясын құрды. 1996-2002 жылдары — «Продкорпорация» ЖАҚ-нда жұмыс істеді. 1996-2000 жылдары —  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2003-2007 жылдары — «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2003 жылдан бастап — "Mega" ойын-сауық орталықтарының ең ірі желісін дамытатын «Mega Management» бөлімінің даму тарихы басталды. Компанияда тарихи және сәулет ескерткіші саналатын «Алматы» қонақ үй кешені, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Angel-in-us брендінің кофе-дүкен желісі (Lotte Group) бар. 2006 жылдың қаңтарында — «Astana Group» компаниясын құрды. 2011 жылы  — "Астана Моторс" Алматыда Hyundai коммерциялық техникасын құрастыру зауытын іске қосты. Қазір кәсіпорында Hyundai, МАЗ коммерциялық техникасы құрастырылады. Компанияның құрамына ASTANA MOTORS FINANCE бөлімшесі кіреді.

Активтері

Нұрлан Смағұлов – Astana Motors (11 әлемдік авто бренд) және MEGA сауда-ойын-сауық орталығы (Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA паркі, Астанада MEGA Silk Way). «Astana Group» компаниясы сондай-ақ Оңтүстік Кореяның франчайзингіне арналған «Angel-in-us» кофейнясының желісін басқарады.

Кәсіпкерлік қызметі

"Астана Моторс" компаниясының негізгі қызмет түрі  автомобильдерді сату және сервистік қызмет көрсету мен автомобильдерді құрастыру. Бүгінгі таңда "Астана Моторс" Қазақстан нарығына 10 танымал автомобиль брендін ұсынады. Олар:
  • Hyundai жеңіл және коммерциялық техникасының ресми дистрибуторы, Қазақстандағы Subaru ресми дистрибуторы, Қазақстандағы BMW, Mini эксклюзивті импорттаушысы.
  • Алматы қаласындағы Toyota ресми дилер, Астана қаласынадағы Lexus ресми дилер, Алматы қаласындағы Jaguar Land Rover ресми дилер, Volvo ресми дилер .

Марапаттары

  •  "Құрмет" Мемлекеттік ордені (2007).
  • ҚР Президентінің "Құрмет грамотасы" (2007).
  • "Астананың 10 жылдығы" медалі (2008).
  • "Ernst&Young" халықаралық аудиторлық компаниясының "Жыл кәсіпкері" атанды (2009).
  • "Эксперт Қазақстан" журналының нұсқасы бойынша "Жыл кәсіпкері" болды (2010).
  • ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Имя Родины" конкурсында "Бизнес" номинациясын жеңіп алды (2012).
  • ІІ дәрежелі "Барыс" ордені (2018)

Дереккөз: ru.wikipedia.orgforbes.kz

Похожие материалы