Познавательный
Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Сағат Түгелбаев
Сағат Қашкенұлы Түгелбаев - 1948 жылы 25 ақпанда Гурьев қаласында туған.
Білімі:
1967 жылы - Гурьев политехникалық техникумын тәмамдаған.
1974 жылы - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1963 жылы - Гурьев қалалық Жол құрылысы комитетінде бұрғышының көмекшісі, слесарь, кейіннен механик қызметін атқарды.
1968 жылы - «Ембімұнай» бірлестігінде техник болды.
1974 жылы - Гурьев политехникалық техникумында оқытушы, нұсқаушы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының кемекшісі ретінде қызмет етті.
1982 жылы - Петровский атындағы машина жасау зауытының директоры лауазымына тағайындалды.
1984 жылы - Облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Ембі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
1986- 1990 жылдары - Теңіз газ өңдеу зауыты директорының орынбасары, «Теңізмұнайгаз» бірлестігінде басқарма бастығының орынбасары ретінде жұмыс істеді.
1992 жылы - Атырау облыстық әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1994 жылы - «АЫАСО» ЖШС мұнай компаниясының «АтырауМұнайМаш» ЖШС машина жасау зауытының «ЗаманЭнерго» ЖШС сервис бұрғылау компаниясының акционері, құрылтайшысы, президенті, «Т&Т» ЖШС компаниясының басқарушы болды.
1990-1992 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа, қаржы, бюджет жөніндегі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Отбасы:
Үйленген.
2 ұлы және қызы бар.
Активтері:
Сағат Түгелбаев - «АтырауНефтеМаш», «Белкамит» ЖШС мажоритарлық акционері, Қырықмылтық мұнай кен орнын әзірлейтін «Казэйр Уэст» Авиакомпаниясы АҚ, «Anaco»ЖШС, «Атырау Унигаз»ЖШС, «Газэнерго» ЖШС-де үлесі бар.
2017 жылдың мамыр айында мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау геологиялық барлау жабдықтарын өндірумен айналысатын «АтырауНефтеМаш» ЖШС Қазақстанның Даму Банкінен (ҚДБ) 10,6 млрд теңге мөлшерінде зауыт қуатын кеңейтуге 14 жылға дейінгі мерзімге 7%-бен қарыз алды. Жобаның жалпы құны 15,3 млрд теңгені құрайды. Қалған 4,68 млрд теңге компания қаражатынан қаржыландырылады.
Дереккөз:
kk.wikipedia.org,
forbes.kz