Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Сергей Кан

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Сергей Кан
Кан Сергей Владимирович

Білімі:

1998 жылы - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

2004 жылы - "Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2007 жылы - "Каспиан Оффшор Констракшн" ЖШС атқарушы директоры лауазымына тағайындалады. 2010 жылы - "Circle Maritime Invest"АҚ кеме иесі компаниясының президенті қызметін атқарады. 2015 жылы - "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланады.

Марапаттары:

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Парасат" мемлекеттік орденімен марапатталды.

Активтері:

Сергей Кан - "ОАЭК" АҚ-ның 50,51% жай акцияларын иеленеді және "ОАЭК" АҚ, "ОАЭК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бизнесмен "Circle Maritime Invest" АҚ компаниясын Яков Клебановпен және оның ұлы Александр Клебановпен тепе-теңдік негізінде иеленеді. "KGNT Holding" ЖШС, "САЭЗ Средазэнергострой" ЖШС, "Қаражат инвест" АҚ, Rixos Almaty қонақ үйінде, "Теңіз Star" ЖШС, "Альпари" ЖШС және "Трест Средазэнергомонтаж" АҚ-да үлесі бар. Кәсіпкер "КазНИПИЭнергопром" институты" АҚ президентінің кеңесшісі, "Трест Средазэнергомонтаж" АҚ Бас директорының кеңесшісі және "ОАЭК" АҚ президенті қызметтерін атқарады. 2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 27 сатыға орналасты. Өткен жылы Сергей Канның жағдайы 222 млн долларды құраған.

 Дереккөз: caepco.kz, forbes.kz

Похожие материалы