Экономика
Қазақстандық әйелдер жұмыссыздығы 5,7%-ды құрайды
Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халықтың 49%-ын әйелдер құрайды. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
"Әйелдердің жұмыссыздығы өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ды құрады, жалпы республика бойынша 5%-дан аспайды",-деп атап өтті Б.Нұрымбетов Астанада өткен әйелдер бизнес-форумында. Оның сөзінше, Қазақстан экономикасында 4,4 млн әйел жұмыспен қамтылған.
"Біздің әйелдеріміз экономиканың барлық саласында жұмыс істейді, бірақ басым көпшілігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет саласында", -деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.
Б.Нұрымбетовтың сөзінше, әйелдердің жұмыс күші деңгейіне байланысты бүкіл әлемдегі гендерлік айырмашылық әлі де төмен. "Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, соңғы 20 жылда экономикалық белсенді халық үлесіндегі әйелдер көрсеткіші 52,4%-дан 49,6%-ға дейін төмендеген. Ер адамдардағы үлес 27%. Әлем бойынша жұмыссыздық ерлер арасында 5,5% және әйелдер арасында 6,2%", -деді ол.